Лицейде соңғы қоңырау сыңғыр қақты

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы жанындағы лицейде соңғы қоңырау сыңғыр қақты. Биыл салтанатты шараға коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында баржоғы 12  оқушы мен олардың ата-аналары қатысты. Осыған қарамастан оқу жылының аяқталуына арналған мереке өте әсерлі өтті. Халықаралық білім беру корпорациясы мен лицей басшылығы түлектерді шын жүректен құттықтап, дипломдар мен мақтау қағаздарын табыс етті. Балаларына лайықты тәрбие беріп, олардың жақсы оқуына жағдай жасаған ана-аналарға да құрмет көрсетілді. Шара соңында лицей түлектері ұстаздарға арналған ән айтып, вальс билеп жиналғандарды ерекше әсерге бөледі.  


Алдыңғы жаңалықтар

Келесі жаңалықтар