Құрметті студенттер! Сіздің Академияға бейімделуіңізге ҚазБСҚА-ның анықтамалық-жолнұсқаушысы көмектеседі.
Академиядағы барлық өтініштер ректордың атына жазылады. Өтініш үлгілерін (студенттер үйінен орын алу, емтихандық сессияға рұқсат, оны мерзімінен бұрын тапсыруға рұқсат алу және т.б.) өз факультетіңіздің деканатынан алуға болады. Сіздің түйткілді мәселелеріңізді шешуге студенттік (оқу) топтың старостасы, эдвайзері немесе факультет деканаты мен колледж дирекциясындағы студенттік декан көмектеседі.
Егер олар көмектесе алмаған жағдайда, жетекшілік ететін проректорға өтініш жазыңыз. Проректор өз құзіреті шегінде Сіздің мәселеңізді шешуге атсалысады.
ҚазБСҚА Ректорының жеке сұрақтар бойынша қабылдау уақыты:
- сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 1400 ден 1500 дейін.
Қабылдауға алдын ала мына телефон арқылы жазылу қажет - 8 (727) 220-80-63, +77010440525
Сіз жүгіне алатын Академияның соңғы инстанциясы - ҚазБСҚА Ректоры. Академияның холлында "Тікелей байланыс" пошта жәшігі бар, онда сіз ҚазБСҚА Ректорына арыз-шағым жазып, бөлімшелердің жұмысына қатысты нақты ұсыныстар қалдыра аласыз.