Бүгінде Қазақстан мен одан тыс жерлерде табысты еңбек етіп жүрген мыңдаған кәсіби мамандардың қара шаңырағы атанған АСҚИ-ҚазБСҚА-ның осыдан 40 жыл бұрын негізі қаланды. АСҚИ-ҚазБСҚА өз түлектері мен жоғарғы оқу орнының «Алтын қорын» құрайтын, студенттерге білім мен тәжірибесін беріп келе жатқан оқытушыларын мақтан тұтады. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың білім саласындағы саясатын жүзеге асыру мақсатында ҚазБСҚА ҰБТ және кешенді тестілеуден жоғары бал жинаған, бірақ мемлекеттік грант байқауына өтпеген тұрмысы төмен отбасылардан шыққан талапкерлерге демеушілік білім гранттарын беру үшін кәсіпорындар, ұйымдар, қорларды тарту бойынша жан-жақты жұмыс жүргізеді.
Бұл қоғамның маңызды әлеуметтік мәселелерін шешіп қана қоймай, өндіріс пен білім арасындағы байланысты арттырады, құрылыс мекемелерінің талаптары бойынша мамандар дайындауға мүмкіндік береді. Өзінің мерейтойы қарсаңында академия жаңа дәрісханалар ашып, қазіргі ғимаратын қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр.
Сіздерді АСҚИ-ҚазБСҚА-ның мерейтойлық шараларына қатысуға, біздің бастамаларды қолдауға, демеушілік көмек жасауға шақырамыз! Сәулет-құрылыс пен өндіріс саласындағы білім берудің өзекті мәселелерін бірлесіп шешуде әріптестік орнатуға ниеттіміз.
Біздің деректемелер:
«Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС
050043, Алматы қ., Рысқұлбеков көшесі, 28
БСН 090 540 001 011
ИИК KZ 068560000000383423
AҚФ «БанкЦентрКредит» АҚ
BIK KCJBKZKX
17 KBE
Төлем мақсаты: демеушілік көмек