Құрметті қызметкерлер!
Әлеуметтік қорғау жүйесін құру және қызметкерлердің еңбек міндеттерін барынша тиімді орындау уәждемесін ынталандыру мақсатында ҚазБСҚА-да әлеуметтік пакет жұмыс істейді.
Әлеуметтік пакет келесі міндеттерді жүзеге асыру үшін қызмет етеді:
- қызметкерлердің өмір сүру деңгейін жақсарту;
- жақсартылған еңбек жағдайларын жасау арқылы "ХБК" ЖШС (ҚазБСҚА, ҚАУ) жоғары білікті кадрларға деген қажеттілігін қанағаттандыру;
- қызметкерлер мен білім алушыларға жан-жақты әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіру;
- салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлер мен оқушылардың мәдени демалысын ұйымдастыру.
Жұмыс беруші мен ҚазБСҚА өзара көмек көрсету Қоғамы (заңнамамен қарастырылған міндетті әлеуметтік қорғау шаралары ұсынылады) :
- уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша, науқастануы бойынша әлеуметтік жәрдемақы тағайындау.
Әлеуметтік пакетке байланысты барлық төлемдер бекітілген тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Әлеуметтік пакетті дамытуға арналған қаражат ЖОО-ның және өзара көмек қоғамының меншікті қаражатынан құралады.
Толық ақпаратты өз бөлімшеңіздің Қоғамдағы өзара көмек көрсету Басқарма мүшесінен алуға болады.
.