Инновациялық жобалар байқауы
Назар аударыңыздар! Инновациялық жобалар байқауы!
Біздің мақсатымыз – студенттердің Қазақстандағы тұрақты даму қағидаларын енгізудегі (қоршаған ортаны ластандыруды азайту) белсенді ұстанымын және ғимараттар мен аулалардың кеңістігін қалпына келтіруді жобалау дағдыларын көрсету.
2020 жылдың 3 қарашасы мен 7 желтоқсаны аралығында
Халықаралық білім корпорациясында
жастардың бизнес-жобаларының байқауы өтеді
«ЖАЙЛЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТА ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ: ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ЖӘНЕ ЭНЕРГОҮНЕМДІЛІК»
Сайыстың келесі кезеңінің тақырыбы:
«АЛМАТЫ қ., ТАУГҮЛ ықшам ауданындағы ҚАЛАЛЫҚ ОРАМДЫ (КВАРТАЛДЫ) ЖАҢҒЫРТУ»
10.11.2020 ж. «Мультижайлы ғимараттарды жобалау» атты семинар өтті. Спикер – ҚАЗГОР ЖА бас сәулетшісі Антон Васильевич Федянин.
Семинардың жазбасын төмендегі сілтеме бойынша қарай аласыз: https://cloud.mail.ru/public/abAD/2GxaTzi1u
2020 ж. 16 қарашада «Қасбеттерді терможаңғырту. «Жылу аралының» әсерін жою» атты семинар өтті. Спикер – сәулет өнерінің кандидаты Ғалым Әбдіқайымұлы Исабаев.
Семинардың жазбасын төмендегі сілтеме бойынша қарай аласыз: https://cloud.mail.ru/public/5zCa/32fWPNxfJ
2020 ж. 17 қарашасында мүмкіндігі шектеулі адамдардың
еш кедергісіз нысандарға кіруін қамтамасыз етуге арналған семинар өткізілді.
Спикер – «Алматы қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің (АҚМҚ) жетекшісі, Қазақстан мүгедектер ұйымы одағының төрағасы Әли Әбілдаұлы Аманбаев.
Семинардың жазбасын төмендегі сілтеме бойынша қарай аласыз: https://cloud.mail.ru/public/4KBu/4hBscE3N1
Байқаудың финалы 4 желтоқсанда сағат 15.00-де өтеді. Қатысам деушілерге шақырту жіберіледі. Байланыс нөмірі: 8777 702 55 22 konkurs.mok20@mail.ru