Оқу жылы аралас форматта жалғасуда

  2021 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының «Сәулет», «Дизайн» мамандықтары бойынша бірінші курс студенттері оқуды жаңа форматта бастады (қашықтықтан әрі аралас).

 

               2021 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының «Сәулет», «Дизайн» мамандықтары бойынша бірінші курс студенттері оқуды жаңа форматта бастады (қашықтықтан әрі аралас). Аралас форматта дәрістер мен семинарлар онлайн режимде өткізіледі. Студенттер санитарлық режим мен әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтай отырып, практикалық және зертханалық сабақтарды дәстүрлі түрде оқып жатыр. Практикалық және зертханалық сабақтар барысында санитарлық-эпидемиологиялық режимнің талаптарын қатаң сақтауға оқу ғимараттарында барлық жағдайлар жасалған. Өңірлік студенттерге Студенттер үйінен орындар берілді.

               Қашықтықтан оқыту кезінде студенттер кез келген уақытта қажетті оқу материалдарына қол жеткізе алады, оқытушылармен үнемі байланыста болады, сабақтар электронды оқыту платформасында (ZOOM, Moodle) өткізіледі.

               Онлайн-сабақтар әртүрлі форматта, яғни алдын ала жазылған видеосабақтар, дәрістер, вебинарлар немесе презентациялар арқылы жүзеге асырылады, чатта оқытушыға сұрақтар қоюға, топтағы студенттермен сөйлесуге мүмкіндіктер бар.

               Білікті оқытушылар сабақтарды қашықтықтан әрі аралас форматта ойдағыдай жүргізіп келеді.

                                            ЖБПФ ассоц.проф. А.К.Рысбаева


Алдыңғы жаңалықтар

Келесі жаңалықтар