Жастар одағы ғимаратының ашылуы

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы 40-жылдық мерейтойы қарсаңында және Қазақстандағы Волонтер жылына орай өз студенттеріне сый жасады.

Жоғарғы оқу орын басшылығы жалпы аумағы 500 шаршы метр болатын үлкен ғимаратты жастардың иелігіне берді. Енді Студенттік жастар комитеті және Студенттік өзін өзі басқару комитеті аталған жайды өз қалауларынша пайдалана алады. Мұнда «Көңілді тапқырлар алаңы», «ҚазБСҚА аруы», «Қазақ Америка Университетінің аруы», «Бірінші курс таланттары» сияқты түрлі қоғамдық, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Сонымен бірге студенттер ғимаратты жалға беріп, одан түскен қаражатты өз игіліктеріне пайдалана алады.


Алдыңғы жаңалықтар

Келесі жаңалықтар