НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ВОРКШОП
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы өзінің 40-жылдық мерейтойы қарсаңында және кәсіби бағдарлау жөніндегі әріптестіктің аясында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары үшін воркшоп өткізді. Шараны академия жанындағы Инновация және қосымша білім беру институты ұйымдастырды. ҚазБСҚА-ның сәулет және дизайн факультеттері оқушылар үшін қызықты шеберлік сабақтарын өткізді. Балалар сонымен бірге академияның мұражайы, макеттер залын тамашалап, бейнетүсірілімге арналған жасыл бөлменің жұмысымен танысты.