Профессор Ратбек Бутейұлы Базаров қайтыс болды
Р.Б. Базаров 1989 жылы Алматы сәулет-құрылыс институт "Өнеркәсіптік азаматтық құрылыс" мамандығын инженер-құрылысшы біліктілігімен бітірген.
Институтты бітіргеннен кейін құрылыс индустриясы объектілерін жобалау бойынша "Қазгипроагроагроқұрылысиндустрия" мемлекеттік жобалау институтында сәулет-құрылыс бөлімінің І санатты инженері лауазымында жұмыс жасады.
Педагогикалық қызметі 1992 жылдан басталған. "Темір бетон конструкциялары» кафедрасы ассистенті қызметінен бастап, «Құрылыс конструкциялары және құрылыстардың қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушысы (1996 ж.), қауымдастырылған профессор (2006 ж.), Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының академиялық профессоры (2010 ж.) дәрежесіне дейін көтерілді.
2006 жылы «Құрылыс конструкциялары, ғимараттар мен құрылыстар» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.
Екі оқу құралы, 30-дан астам ғылыми және әдістемелік жұмыстарын жазып, патентке ие болған.
Р.Б. Базаров қатысқан халықаралық және отандық жобаларының қатарында, 2006-2007 ж. – БҰҰ деңгейіндегі «Зілзалалар қаупін төмендету: Қауіпсіз құрылыс», 2007-2008 жж. - "Зілзалалар қаупін төмендету: Жер сілкінісіне төзімді құрылыс. Орталық Азия үшін білім беру желісі" (Душанбе қаласы), 2011-2012 ж. - «Тұрғын үй ғимараттарын энергиялық тиімді жолмен жобалау және салу», т.б. бар
2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас кестесі жобасын талқылауға және қала құрылысы жобалары мен бірегей құрылыс объектілерін қарау бойынша қоғамдық тыңдау жұмысына белсене қатысты.
Педагогикалық жұмысы аясында, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен жетілдірудегі айтарлықтай жетістіктері мен студенттердің тәжірибелік даярлығына қосқан үлкен үлесі үшін Алматы қаласы әкімдігінің Құрмет грамоталарымен (2007 ж., 2011 ж.); Құрылыс және ТҮКШ істері агенттігі мен «Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі, тұрғын үй үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын табыс ету Алғыс хатымен» (2016 ж.) марапатталып, "Үздік педагог" номинациясында жеңіске жетті (2014 ж.).
2016 жылғы "ЖОО үздік оқытушысы" атағының иегері және Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы (2016 ж.).
Халықаралық білім беру корпорациясының (Қазақ бас сәулет - құрылыс академиясы) ұжымы мен басшылығы академиямыздың түлегі, профессор Ратбек Бутейұлы Базаровтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.