ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫ МЕН «ҚАЗЖОЛҒЗИ» АҚ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін, 2021 жылы 6 наурызда ХБК қабырғасында (KazGASA кампусында) Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры - Имандосова Маргарита Булатовна мен Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының президенті — Телтаев Багдат Бурханбаевич арасында кездесу өтті.

Бұл меморандум, ХБК-да қазіргі заман талабына сай көлік құрылысы саласындағы білікті мамандарды дайындауға аса қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандырылу, шынайы жұмыс орнына сәйкес келетін тәжірибеден өту орталықтарын құру, дәрісханаларды арнайы құрылғылармен жабдықтау, пәннің оқу бағдарламасын жетілдіруге институт мамандарын тарту, қонақ дәрістер ұйымдастыру, көлік құрылысы мамандары мәселесін оңтайлы шешу және «ҚазжолҒЗИ» АҚ материалды-техникалық кешенін оқу үдерісіне тиімді пайдалану, т.б. мәселелер бойынша қабылданған болатын.

Сонымен қатар, меморандум аясында «ҚазжолҒЗИ» АҚ негізінде көлік құрылысы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына академия студенттерін кеңінен араластыру көзделіп отыр. Осы тұрғыда, «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Б.Телтаев – «2020-2025 жылдары еліміздегі инфрақұрылымын дамыту бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында алдыға қойылған міндеттердің бірі – «Көлік инфрақұрылымы субъектілері мен тасымалдаушылардың экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру» болып табылады. Олай болса көлік саласындағы тасымалды жақсарта түсу үшін автожол саласын жоспарлау, салу, пайдалануға берудің барлық кезеңдерінде сапалы мамандар жұмыс жасау қажет. Ал сапалы мамандардың тұпқазығы – сапалы білім беру, жоғарғы білікті оқытушылар және материалдық-техникалық кешен болып табылатынын» атап өтті.

Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры М. Имандосова өз кезегінде, ХБК-ның аталмыш ұйыммен, автожол құрылысы бойынша ортақ келісімге келудің маңыздылығына тоқтала отырып, ХБК, Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік өткізген институциялық және мамандандырылған аккредитацияны 2020 жылдары сәтті өткенін айта кетті.

М. Имандосова - «Қазіргі кезде ХБК құрылыс саласы бойынша берілетін білім сапасын жоғарлату бойынша мақсатты түрде жұмыс жасауда және сол сапаға қол жеткізу үшін ҚР жетекші өнеркәсіптік және ғылыми компанияларымен тығыз байланыста жұмыс жасауда» - деп атап өтті.

Кездесуге қатысқан екі тарап басшылығы өзара келісімге қол қоя отырып, екі тараптың одан ары жемісті ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенім білдірді.


Алдыңғы жаңалықтар

Келесі жаңалықтар