ҚазБСҚА-ның 40-жылдығына арналған спартакиада
Қазақ бас-сәулет құрылыс академиясында профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлердің арасында денсаулық күніне және ҚазБСҚА-ның 40-жы
Оған академияның барлық бөлімшелері қатысты. Шараның мақсаты – қызметкерлер мен оқытушыларды саламатты өмір салтына тарту, олардың шығармашылық әлеуетін және жұмысқа деген құлшынысын арттыру. Жарыс спорттың волейбол, баскетбол, үстел теннисі, дартс, эстафета сияқты түрлері бойынша өтті. Спартакиаданың қорытындысы бойынша бірінші орынды ҚазБСҚА жанындағы колледж бен жөндеу-пайдалануға беру бөлімінің қызметкерлері иеленді. Үшінші орынды жалпы құрылыс факультетінің командасы қанжығалады. Жеңімпаздарды спорттық клубтың нұсқаушысы, КСРО спорт шебері, қауымдастырылған профессор Югай И.В. мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапаттады.