Малайзиядан келген қонақтармен достық кездесу
2020 жылдың 14 қаңтарында жалпы білім беру пәндері факультетінде сәулет және қалақұрылысы мамандығы бойынша Малайзия профессорларымен кезд
Әңгіме барысында профессорлар Малайзияның білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен, осы елдің мәдениетімен бөлісті. Жалпы білім беру пәндері факультетінің деканы Такенова Ж.С. Халықаралық Ислам зерттеу университетімен тығыз байланыс орнатуға қызығушылық білдіре отырып оларды Халықаралық Еуразия сәулет, құрылыс және дизайн мектептерінің фестиваліне қатысуға шақырды.
Сәулет факультетінің деканы Глаудинова Мехрибану Бекрімжанқызы академиялық ұтқырлық бағдарламаларына, тағылымдамаларға, курстарға және әртүрлі оқу және ғылыми іс-шараларға қатысу мүмкіндігіне тоқталды.
Кездесу соңында Малайзиядан келген қонақтар Қазақстанмен достық қатынастарды одан әрі дамытуға және ҚазБСҚА-мен жемісті ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.
Кездесу достық және конструктивті жағдайда өтті.