ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ БЕН БАСЫМДЫҚТАРЫМЫЗ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2021 жылдың 31 наурызында жалпы білім беру пәндері факультетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру: біздің құндылықтарымыз бен басымдықтарымыз» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді ХБК сыртқы байланыс және студенттік сұрақтар жөніндегі проректоры Ж. С. Такенова мен  ЖБПФ декан м. а. К. М. Гакрама  ашты. Дөңгелек үстелде қонақтар – Властилин Самек – БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі, Алматы Ақпараттық Бюросы; Жүсіпова А.Д. – «Нархоз» университетінің қауымдастырылған профессоры сөз сөйледі. Сондай-ақ, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы қауымдастырылған профессорлар мен сәулет факультетінің студенттері Ерсайын Нұрқожа, Асылхан Карина, Жолдыбай Лаура, Балтабаева Жансая, Сәбитаева Томирис, Шәкіман Әлихан, Нұргелдиева Азиза, Булемисов Диас баяндама жасады. Студенттер қазақ мәдениетінің құндылықтарын және студент жастардың қалыптасуындағы рухани жаңғырудың рөлін талдады. Асыл Динара мен Қабиева Алина қазақтың музыкалық аспаптары – домбыра мен сазсырнай тартып күй орындады. Дизайн факультетінің студенті Якубова Янаның өткен іс-шара туралы пікірлерінің бірі: «Бәрі өте мазмұнды, танымды және қызықты болды. Уақыт білінбей өте шықты! Студенттер-талантты балалар! ҚазБСҚА студенттерін мақтан тұтамын», Нұргелдиева Азиза дөңгелек үстел ұйымдастырғандарға алғыс білдіріп, оның қызықты өткені туралы пікірін білдірді.  Студенттердің пікірі осы іс-шараны бағалаудың басты критерийі болып табылады.

Касымова Л. Н. – қауымдастырылған профессор, ЖБПФ-нің әлеуметтік-гуманитарлық бағыты.