Факультетте әдістемелік жұмыстың негізгі мазмұнын дайындау бағыттары бойынша бітірушілердің білім сапасын жетілдіру және тұрақты жақсарту мақсатында әдістемелік жұмысты үйлестіру, бақылау және талдау болып табылады.
Факультеттің әдістемелік жұмысының міндеттері:
- оқу жылына арналған әдістемелік жұмысының негізгі бағыттарын анықтау;
- әдістемелік мәселелерді шешу жолдары мен бірыңғай тәсілді жасау;
- әдістемелік жұмысты талдау;
- факультет жұмысының жоспарын жүзеге асыруды ұйымдастыру
- әдістемелік жұмыс бөлігінде факультеттің жұмыс жоспарын іске асыруды ұйымдастыру;
- әдістемелік жұмысты бақылау және үйлестіру;
- факультеттегі жекелеген пәндерді оқыту және олардың әдістемелік қамтамасыз ету сапасын талдау;
- факультетте ағымдағы әдістемелік жұмысты жедел шешу;
- жалпы университеттік ауқымдағы оқулықтар мен оқу құралдарының, әдістемелік кешендердің және басқа да материалдардың қолжазбаларын қарастыру, оларды жасау және баспаға ұсыну;
- факультетте ашық сабақтар мен бақылаудағы қатысуларды ұйымдастыру;
• басқа оқу орындарының әдістемелік жұмыстарының озық тәжірибелерін зерделеу және қорыту: осы тәжірибені тарату және басқалар. ҚТИМФ студенттерді дайындаудың сапалы деңгейі оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістерін, сонымен қатар білімді, шеберлікті және дағдыларды бағалаудың әр түрлі тәсілдерін кеңінен қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
Жалпы факультетте оқу үдерісі мемлекеттік білім беру стандартына, оның талаптарын ең аз рұқсат етілген деп санай отырып және оны өзінің ғылыми зерттеулерімен, болашақ мамандардың қызметі саласындағы озық тәжірибемен айтарлықтай көбейте отырып жүзеге асырылады.
Факультетте инфрақызыл сканерлеу технологиясы негізінде интерактивті электронды тақта түрінде заманауи ақпараттық технологиялар пайдаланады. Оқу процесінде қолданбалы бағдарламалар пакеті (ArcGIS, QGIS, ENVI, AutoCAD, MapInfo, Easytrace, Pro100, Cutting, Базис Мебельщик, BCad, 3DsMax,ABC-4 Смета, ProjectExpert) дипломдық және курстық жобаларда қолданылады.
Пәндердің барлығы типтік оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілген, олардың негізінде жұмыс бағдарламалары мен пәндердің барлық оқу-әдістемелік кешені құрылған.
Әдістемелік процесті ұйымдастыру кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары аясында жүзеге асырылады.