Факультетте оқу процесінен тыс әр түрлі бірлесіп жүргізетін жұмыстар, көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып қарастырылған. Түлектер бітіргеннен кейін өткен уақыттарын ризашылықпен еске алатындай оқу жылы бойы конкурстар, митингілер, кездесулер, ойын-сауықтар, жәрмеңкелер, әр-түрлі бал өткізу, таза ауда демалу және тағы басқада іс-шаралар өткізіледі.
Қыркүйек айында дәстүрлі жаңа оқу жылының басталуын білдіретін "Білім күніне" арналған мерекелік іс-шарадан басталады. Академия басшылығының құттықтау сөзінен кейін "Жыл Студенті", "Үздік студенттік топ", "Жатақханадағы үздік студенттік бөлме" және "Үздік студенттік декан" номинациялары бойынша байқау жеңімпаздарын марапаттау жүргізіледі.
Содан кейін жаңа оқу жылы және факультеттік өзіндік ішкі қызу өмірі басталады. Әрі қарай "Қала күні" атты қалалық мереке өтеді, артынша бірінші курс студенттерін студентке қабылдау шарасы өтеді. Жоғарғы курс күшімен оқу жолын бастайтын түлектерден эстафетаны беру актісі ретінде шоу-бастама ұйымдастырылады. Мұндай шоу "Медеу" шатқалында бөгеттің артында орналасқан көркем қазаншұңқырында тағы басқа көптеген қызықты жерлерде өткізіледі. Мұнда "Күзгі бал" және "Түлектер жәрмеңкесі" бар. Әр күзде факультет аралық КВН (қазақ және орыс тілдерінде) өткізіледі, оның жеңімпаздары қалалық байқауға қатысады.
Жаңа жылды тойлау ерекше және әр түрлі өткізіледі, кабинеттер, ұстаздар мен бірігіп студенттер аудиторияларды, деканатты, факультет коридорларын безендіреді. Барлық профессор-оқытушылары ұжымы үшін қысқы сессияның өте қиын кезеңдері академия басшылығы ұйымдастыратын салтанатты қайырымдылық кешкі аспен аяқталады, ол "Сәулет" мейрамханасында өткізіледі. Студенттер сессия аяқталғаннан кейін келесі жылдың қаңтар айының соңына дейін қысқы демалысқа жіберіледі.
Екінші семестрдің қысқы-көктемгі кезеңі студенттер үшін "Ғашықтар күні" мерекесі, "Жігіт сұлтаны", "Queen of Academy" сұлулық байқауы сияқты жарқын оқиғалармен атап өтіледі. "ҚазБСҚА көктемі" студенттік байқау-конкурсы өткізіледі, ал соңынан "Наурыз" мерекесі тойланып жалғасын алады. Сонымен қатар, көптеген студенттер үшін сабақтан тыс уақыттағы негізгі сабақ СҒЗЖ ғылыми конференциясына қатысуға дайындық басталып кетеді (студенттердің оқытушылармен ғылыми-зерттеу жұмысы). Өнер мен дизайнның маңызды да өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіледі, олардан шыққан нәтижелері республикалық конкурсқа қатысу көрмесіне қойылады. Үздік жұмыстар дипломдармен және сертификаттармен марапатталады және студенттердің одан әрі оқуына ықпал етеді мысалы, магистратурада. Сонымен қатар, ҚазБСҚА жинағына мақалалар жазып, бейнепрезентациялармен баяндамалар жасалады.
Студенттер үлкен қызығушылық танытып спортпен шұғылданады және мини-футболдан ҚазБСҚА Президентінің кубогы жарыстарына, "Салауатты өмір салты үшін" спартакиадасына қатысады. Мұндай қозғалыс бүгінгі күні өте өзекті мәселе, сондықтан да оны қолдау үшін және уақыт талаптарына байланысты академия аумағында темекі шегуге және спирттік ішімдіктерін ішуге қатаң тыйым салынған.
Көктем-демалыс орындары мен қорықтарға, экскурсиялар мен далаға демалуға шығу уақыты. Мысалы, "Шарын" каньонына экскурсияларға шығу сапары, - жеріміздің әлемдік деңгейдегі көрікті жерлері және басқа да көптеген орындар.
Жыл ең басты сәті дипломдық жобаларды қорғау және академия түлектеріне дипломдарды салтанатты түрде тапсыру болып табылады.
Егер студенттер мен оқытушылар қауымы тек оқумен ғана айналысса, оқу процесі нәтижесінде табысты болмас еді.