Халықаралық білім беру корпорациясы мен «Invesco Asia» ЖШС меморандумға қол қойды
Бүгін, 7 сәуір 2021 жылы Қазақ Бас Сәулет-құрылыс академиясының негізінде құрылған Халықаралық білім беру корпорациясы (әрі қарай - ХБК) мен «Invesco Asia» ЖШС арасында, білім беру саласына байланысты арнайы меморандумға қол қойылды.
Бұл меморандум, ХБК-да қазіргі заман талабына сай, «Сәулет және дизайн» бағыты бойынша, өндірістің толық айналымын қамтитын, еңбек нарығының әлеуетті қатысушыларын үздіксіз оқытуды қамтамасыз ететін бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу; сәулет және дизайн саласының кадрларын бірлесіп даярлау; осы сала бойынша тренингтер, біліктілікті арттыру курстары мен семинарлар өткізу; бизнес жобаларды қолдау бағытында іс-шараларды ұйымдастыру және әрлеу саласы бойынша жұмыс тәжірибелерімен алмасу; «Invesco Asia» ЖШС-ның қазіргі заманғы технологиялық кешені мен қазіргі заманғы жабдықтар және технологияларды пайдалана отырып, өндірістік, диплом алды (мамандық бейіні бойынша) тәжірибеден өту үшін орындар ұсыну; модульдік жұмыс оқу жоспарларын, білім беру бағдарламаларын, элективті пәндер каталогтерін, пәндер мазмұнын келістіру және оларға сын-пікір беру бағыты бойынша өзара қатынасты жетілдіруге бағытталған.
«Invesco Asia» ЖШС сыртқы қасбетті үлгілеу мен ішкі әрлеу, сырлау және дизайн жұмыстарын жүргізуге қажетті материалдарды жеткізу және сату саласындағы Орта Азиядағы беделді компания болып табылады.
Кездесуге қатысқан екі тарап басшылығы өзара келісімге қол қоя отырып, екі тараптың одан ары жемісті ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенім білдірді.