Студенттер үйі

840 студентке арналған студенттер үйіне заманауи технологиялар мен сапалы құрылыс материалдарын қолану арқылы күрделі жөндеу жасалған. Ғимаратта интернетке қосылған компьютер, оқу залдары мен демалыс, қонақ бөлмелері бар. Студенттерге арналған макет жасау шеберханасы, кір жуатын бөлме, ас азірлейтін бөлме, заманауи спорттық құрал-жабдықтар қойылған фитнес залы жұмыс істейді.

Жастар бос уақытында жатақхана басшылығының ұйымдастыруымен ауланы аббаттандыру мен ғимарат ішін жинастыруға қатысады.

Студенттер үйінің іші мен сыртына бейнебақылау камералары орнатылған. Ғимараттың әрбір қабаты бейне жазбаға түсіріледі. Халықаралық білім беру корпорациясының қауіпсіздік қызметі аумақты тәулік бойы күзетеді.

 Мекенжайы:  Торайғыров көшесі №33.

Әкімшілік

Студенттер үйінің директоры
Бейшекеева Гүлжан Медетбекқызы

Телефоны: 220 8129
d.s_mok@mail.ru

Студенттер үйінің төлқұжатшысы
Үсенова Сатима Нұрмағамбетқызы

 

Студенттер үйіне орналастыру тәртібі