Мектеп оқушыларына арналған олимпиада

ҚазБСҚА әрдайым 11 және 9 сынып оқушылары мен кәсіби орта білім беретін мекемелердің шәкірттеріне арналған олимпиадалар өткізіп тұрады.  

Олимпиада - нақты материалды білу ғана емес, сонымен қатар шығармашылық ойлауды талап ететін және білімді әдеттен тыс жағдайларда қолдана білуді анықтайтын белгілі бір саладағы зияткерлік жарыстың белсенді түрі. Оқушылар қатыса алатын олимпиадалардың тақырыптары әр түрлі:

  •  «Сәулетші болғым келеді»;
  • «Дизайнер болғым келеді»;
  • «Менің құрылыстағы бизнесім»;
  • «Ағаштан өз қолыңмен бұйымдар жасау»;
  • «Заманауи материалдардан салынған мен армандаған үй»;
  • «Менің елімнің картасы»;
  • Математика, физика, тілдер бойынша өтетін пәндік олимпиадалар.

1 дәрежелі дипломдармен марапатталған олимпиада қатысушылары жеңімпаз саналады. 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталған қатысушылар олимпиада жүлдегерлері болып есептеледі.

Олимпиада жеңімпаздары мынандай сыйақы алады:

  • I орын – оқудың бірінші семестріне 100% жеңілдік;
  • II орын – оқудың бірінші семестріне 50% жеңілдік;
  • III орын – оқудың бірінші семестріне 25% жеңілдік;