Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: ақылы негізде жəне мемлекеттік грант бойынша оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім жəне Ғылым министрлігінің ұлттық тестілеу орталығы əзірлеген технология бойынша өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан əрі ҰБТ) нəтижесінде берілген сертификат баллдарына сəйкес азаматтардың өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Шетел азаматтары үшін: шетел азаматтарын жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқуға қабылдау университеттің қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу немесе түсу тестісі түрінде жүзеге асырылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тыс жерлерде оқу орындарын бітірген шетел азаматтары университеттің ақылы бөліміне әңгімелесу немесе түсу емтиханының негізінде түседі.
Мемлекеттік грант республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы болып табылады.
Талапкер мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ережесіне сәйкес ЖОО мен білім беру бағдарламасын өзі таңдауға құқылы.
Конкурсқа қатысу үшін түсуші маусым-шілде ҰБТ нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша кемінде 5 балл және әрбір бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл жинауы тиіс.
Толық ақпарат төменде.
Халықаралық білім беру корпорациясының 2019 жылғы ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ жүктеу✔