ЕҚ ERASMUS + бағдарламасы
ЕҚ ERASMUS + бағдарламасы

ЭРАЗМУС + БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

Эразмус + бағдарламасы білім беру мен оқыту жүйесін одан әрі жетілдіруге және тұрақты дамытуға, жастар саясаты мен спорттың дамуын қолдауға, сонымен қатар дағдыларды жетілдіруге жән адамдардың жұмысқа қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Жаңа бағдарлама адамның дамуына инвестицияларды едәуір арттыруды көздейді.

Бағдарлама туралы ақпарат Қазақстандағы Эразмус + ұлттық офистің сайтында (http://www.erasmusplus.kz), сондай-ақ бағдарлама веб-сайтында (https://eacea.ec.europa.eu) орналастырылған.

ҚазБСҚА екі бағытта жұмыс істейді:

1. КД 1 - халыхаралық ұтқырлық

2. КД 2 - жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру

КД 1 - халыхаралық ұтқырлық

ХКҰ дегеніміз не?
Нәтижесінде академиялық кредиттер қайта есептелетін Еуропадағы қысқа мерзімді оқыту немесе тағылымдама.

Ұзақтығы
3 айдан 12 айға дейін.

Қаржылық қолдау
Қабылдаушы елге байланысты Еуропаға баратын студенттер үшін ай сайынғы стипендия 800-900 евро, сондай-ақ жіберуші және қабылдаушы ЖОО арасындағы қашықтықты ескере отырып, жол шығындарының құнын өтеу.

Шарттары
Ұтқырлыққа бакалавриат студенттері, магистранттар мен докторанттар қатыса алады. Бағдарламаға қатысу үшін Сіз Эразмус+ шеңберіндегі ынтымақтастық туралы Бағдарлама Елінің ЖОО-мен екі жақты келісімі бар ҚР ЖОО-да оқуыңыз керек. Шетелдік ЖОО-да оқу кезеңі жіберуші ЖОО-дағы мамандықтар мен білім беру бағдарламасына сәйкес келуі тиіс. Сіз серіктес жоғары оқу орындары әзірлеген өлшемдер бойынша конкурстық іріктеуден өтуіңіз керек.

Академиялық тану
Мобилділік кезеңі басталғанға дейін сіз меңгеруге тиісті және кейіннен ұтқырлық аяқталғаннан кейін жіберуші ЖОО-да қайта оқылатын пәндерді / оқу іс-әрекетінің түрлерін көрсете отырып жіберуші, қабылдаушы ЖОО мен Сіздің араңызда оқу туралы үш жақты келісім жасалады.

Біздің серіктестер:

  • Университет La Sapienza (Италия)
  • Белосток технологиялық университеті (Польша)
  • Каунас технологиялық университеті (Литва)
  • Вильнюс дизайн және технологиялар колледжі (Литва)
  • Черноризец Храбр Варна еркін университеті (Болгария)
  • Йылдыз техникалық университеті (Түркия)
  • София сәулет, дизайн және құрылыс университеті (Болгария)
  • Будапешт технология және экономика университеті (Венгрия)
  • Герге Асаки атындағы Иасси техникалық университеті (Румыния)

КД 2 - Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру

Эразмус+ «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» (ЖБӘА) бағдарламасының компоненті шеңберінде серіктес елдердің жоғары оқу орындары мен жоғары білім беру жүйесіне ұзақ мерзімді ықпал етуге қол жеткізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға болады.

ЖБӘА жобалары - бұл Бағдарламаның 34 елінен және 150-ден астам серіктес елдерден жоғары оқу орындары арасындағы көпжақты серіктестіктерге негізделген трансшекаралық ынтымақтастық жобалары. Эразмус+ бағдаарламасына қаржылық үлес қосатын Бағдарлама Елдері - бұл ЕО-ға мүше 28 мемлекет, сондай-ақ Исландия, Лихтенштейн, Норвегия, Сербия, Түркия және бұрынғы Югославия республикасы Македония. Қазақстан бағдарламаның осы құрауышына қатыса алатын серіктес елдерге жатады.

ЖБӘА жобалары келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  • жоғары білімнің модернизация, инновация және қол жетімділігін қолдау;
  • жоғары білім берудің сапасын және оның еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкестігін арттыру, жоғары білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарын жедел және стратегиялық басқаруды ұйымдастыру мен жоспарлау және ЖОО-ларды интернационалдандыру;
  • ЕО мен тиісті серіктес елдер арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
  • жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы құзыреттілік деңгейін арттыру;
  • бірлескен бастамалар мен озық тәжірибе алмасу арқылы әлемнің түрлі өңірлерінің өңірлік және өңіраралық интеграциясы мен ынтымақтастығына жәрдемдесу.

ҚазБСҚА-ның осы бағыттағы жобалары:

1.CD_JEP-27169-2006 - Темпус бағдарламасы бойынша Қазақстанның тұрақты дамуына арналған географиялық ақпараттық технологиялар.

Серіктес: Корольдік технологиялар институты (Стокгольм, Швеция)

Ұзақтығы: 2007-2009

2. 517240-TEMPUS-1-2011-1-IT-TEMPUS-SMGR - Оқу бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етуге арналған құжаттама

Серіктес: Генуя университеті (Италия)

Ұзақтығы: 2011-2014

3. 530793-TEMPUS-1-2012-1-SE-TEMPUS-JPCR - Орталық Азия мен Ресейдегі жаңартылатын энергия және құрылыстағы энергия тиімділігі саласындағы магистрлік бағдарламалар.

  Серіктес: Лунд университеті (Швеция)

  Ұзақтығы: 2012-2015

4. 530786-TEMPUS-1-2012-1-NL-TEMPUS-SMHES - Орталық Азиядағы жоғары білімге қарай: мәдениеттің құрылымын және сапасын құру.

Серіктес: Гронинген университеті (Нидерланды)

Ұзақтығы: 2012-2015

5. 561685-EPP-1-2015-1-CZ-EPPKA2-CBHE-JP - Болон процесі - IQAT қағидаттарын қолдана отырып, сапа және типологияның институционалды жүйесін енгізу әлеуетін арттыру.

Серіктес: Чехия ауылшаруашылық университеті (Прага)

Ұзақтығы: 2015-2017