Халықаралық ынтымақтастық - ҚазБСҚА қызметінің маңызды бағыты саналады. Академияда бұл саланың жұмысын халықаралық бөлім жүргізеді.
Халықаралық бөлім жұмысының негізгі бағыттары:
• шетелдегі шектес оқу орындарымен екі жақты академиялық келісімдер жасау;
• шетелдік ЖОО-мен студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлықтарын ұйымдастыру;
• шетелдік серіктестермен бірлесіп Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің Халықаралық Фестивалін, конференциялар және семинарлар, студенттік жұмыстар көрмелері мен басқа шаралар ұйымдастыру;
• Академия бөлімшелерін халықаралық бағдарламалар, конкурстар мен жобалар туралы хабардар ету;
• халықаралық ұйымдармен және қорлармен байланыс орнату;
• шетел қонақтарының Академияға келуін ұйымдастыру;
• Академиядағы шетел студенттерін және қонақтарына визалық қолдау көрсету.
Байланыс тел .: +7 727 2208093 (ішкі 1130), A12 кабинет, электрондық поштасы: inter.rel@kazgasa.kz, inter.dep@kazgasa.kz