1. Докторантураның білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру университеттің жетекші шетелдік білім беру және ғылым ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады.
2. Екі ғылыми кеңесшінің (отандық және шетелдік) болуы докторантқа таңдалған салада іргелі дайындықты, сондай-ақ өзінің ғылыми зерттеулерінде ғылым саласындағы жаңа әзірлемелерді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
3.Докторанттың жеке оқу траекториясының зерттеу компоненті шетелдік жетекшінің университетінде шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігін болжайды, бұл алғашқы көздермен жұмыс істеуді, қабылдаушы ЖОО немесе зерттеу орталығы базасында ғылыми эксперименттер жүргізу мүмкіндігін, халықаралық деңгейдегі ғылыми конференцияларда, семинарларда сөз сөйлеуді қамтамасыз етеді.