Докторантура

Докторантура - білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Докторантураға конкурстық негізде «магистр» дәрежесі және кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қабылданады.

Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады.

Докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханын докторантураның білім беру бағдарламаларына қабылдауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар дербес жүргізеді.

PhD докторантурада оқу өндірістен қол үзіп мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде күндізгі оқу нысаны бойынша жүзеге асырылады. Оқу мерзімі – 3 жыл.

ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ