Студенттер үлгерімін бақылау

Академиялық күнтізбе

Студенттер үлгерімін бақылау

ҚазБСҚАда білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау, ағымдық бақылау болып есептелінеді, аралық бақылау (Midterm) және қорытынды бақылау, аттестаттау кезеңінде жүргізілетін аралық (емтихан сессиясы (Final)).

Академиялық күнтізбеде белгіленетін мерзімде білім алушылар әр семестрдің басында деңгейін анықтау үшін дайындық пәндік курсын аттестаттаудан өтеді - зерделеу пәнінің кірісі.

Сырттай бөлім бойынша аралық бақылау, теориялық курсы аяқталғаннан кейін жүргізіледі, пән бойынща бір рет (Р1=Рср.).

Емтиханды өткізу формасы: компьютерлік тестілеу, жазбаша емтихан (клаузура), ауызша емтихан, аралас емтихан (тілдік пәндер үшін тестілеу және ауызша нысаны). Әрбір білім алушыға пәндер тізбесін семестр бойынша (күз, көктем) көрсете отырып, кредиттер және қорытынды бағалау тәртібін, сондай-ақ GPA (орташа балл) негізінде транскрипт арқылы қалыптасады.  Білім алушылар қорытынды нәтижелерін емтихан өткізілгеннен кейін сайтта Жеке кабинетте өзінің транскрипты арқылы, сондай-ақ рейтингтік бақылау нәтижелерін оқытушы түсініктемелерімен бірге көре алады.

Білім алушыларға емтиханды тапсыру тілі, таңдау мүмкіндігімен  (қазақ, орыс, ағылшын) беріледі.

Өзі білім алып жатқан Тіркеушінің атына апелляцияға берілетін өтінішті мынадай мерзімдерде ұсынады:

  • компьютерлік тестілеу, ауызша немесе құрамдастырылған емтихан – емтихан тапсырған күні;
  • жазбаша емтихан –емтиханнан кейін келесі үш күннің ішінде.

Апелляция ауызша нысаны немесе компьютерлік тестілеу нұсқасы бойынша, емтихан билетімен факультеттің апелляциялық комиссиямен қатаң өткізіледі.

Келесі курсқа көшіру үшін (оқу жылы) сессиясын оң бағалаумен тапсыру жеткіліксіз – ХБК келесі курсқа көшіру үшін (оқу жылына) GPA (ОӨБ) (GPA – Grade Point Average) орташа өту балы белгіленеді. Білім алушылар келесі курсқа көшіру үшін GPA(ОӨБ) жеткіліксіз болса, жазғы семестрде ақылы негізде пәндерді қайта өту құқығы беріледі (емтихандық сессия аяқталған соң, практика бойынша демалыс кезеңінде). Емтихан тапсыру мерзімі – жазғы семестрдің соңғы аптасы.

Емтиханды қайта тапсыру үшін білім алушы келесі академиялық кезеңде немесе Жазғы семестрде қайтадан оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, алушы оқу жұмыс жоспарымен қарастырылған пән бойынша рейтинг және қорытынды бақылауды тапсырады.

Аттестаттаудың оң бағасын қайта тапсыру бойынша қорытынды бақылаудан алынған қанағаттанарлық бағаны жоғарылату үшін осы аралық аттестаттау кезеңінде рұқсат берілмейді.

Емтиханды қайта тапсыру бір пәнге екі реттен артық жол берілмейді.

* Студенттерге назар аударыңыз: Тіркеуші-офисы оқытудың төлем ақысын,  рейтинг бақылау мәселелерін шешпейді. Осы мәселелер бойынша Сіздің факультеттің (колледждің) деканатына және қаржы-экономикалық бөліміне (ҚЭБ), Сізбен оқыту туралы келісім-шарт жасалған бойынша бақылауды жүзеге асыратын бөлімшелерге жүгіну қажет.