
ҚазБСҚА-ның оқу үрдісін академиялық мәселелер жөніндегі проректордың негізгі оқу, оқу-бақылау және көмекші оқу бөлімшелері (факультеттер, колледж, лицей, АТД, кітапхана) мен Тіркеуші кеңсе жүзеге асырады.
Оқу пәндеріне тіркеу, алған білімнің сапасы мен көлемін бағалау міндетін Тіркеуші кеңсе атқарады.
ҚазБСҚА-ның оқу үрдісі академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі. Әдетте, оқу жылының басталуы – 1 қыркүйек.
Оқу жылы 34 аптадан тұрады, оның 30 – теориялық білім беру (15 апталық 2 семестр). Теориялық курс аяқталғаннан кейін 2 апталық 2 сессия – қорытынды бақылау.
Іс-тәжірибенің ұзақтығы мынандай:
1 курс 3 апталық іс-тәжірибеден өтеді де 4-ші аптада іс-тәжірибе бойынша емтихан тапсырады.
2 және одан жоғарғы курстар емтиханды қоса есептегенде 4 апталық іс-тәжірибеден өтеді.
Күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне жылына 2 рет демалыс беріледі. Ұзақтығы кем дегенде 7 аптаны құрайды.
Аудиториялық сабақтың барлық түрі үшін 50 минуттық академиялық сағат белгіленген.