Аудиториядан тыс жұмыс білім алушылармен тәрбие жұмысын, Халықаралық қызметті, жоғары оқу орнының имидждік жұмысын, кәсіптік бағдар беру жұмысын қамтиды.
Факультетте тәрбие жұмысы келесі бағытта жүргізіледі:
1. Тәрбие жұмысын ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз ету.
2. Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие бойынша іс-шаралар.
3. Тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы бойынша іс-шаралар.
4. Білім алушылардың әлеуметтік маңызды қасиеттерін және коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға, жас таланттарды дамытуға және қолдауға бағытталған іс-шаралар.
5. Студенттер үйіндегі тәрбие жұмысы.
Факультет студенттері келесі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады:
- ҚР Президентінің жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел;
- Сенбіліктер;
- Наурыз және Қазақстан Республикасының басқа да мерекелері;
- КТА ойындары;
- Студенттер қатарына қабылдау;
- Спорттық іс-шаралар және т.б •
Жоспар ЖҚФ аудиториядан тыс жұмысы 2020-2021 оқу жылына арналған