Оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері: оқу үдерісін ұйымдастыруды жетілдіру, оны қарқындату, кәсіби, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың тиімділігін арттыру болып табылады.
|
|
Факультеттің әдістемелік кеңесінің қызметі:
- Факультеттің жетекші оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін талдау және қорыту, оқытудың жаңа технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу әдістемесін жетілдіру, комьютерлік техниканы және басқа да техникалық оқыту құралдарын пайдалану, олардың тиімділігін талдау;
- Сабақ беру әдістемесін жетілдіру мақсатында оқытушылардың өзара сабаққа қатысуын ұйымдастыру;
- Оқу-әдістемелік әдебиеттерді, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру бойынша материалдарды, оқыту курсының белсенді-тарату материалдарын шығару бойынша ұсыныстар мен талқылау;
- Курстың жұмыс бағдарламасын, белсенді тарату материалдарын, әдебиеттермен әдістемелік қамтамасыз ету картасын және т. б. дайындауды және бекітуді бақылау;
- ЖОО-ның әдістемелік кеңесімен өзара тығыз байланыста жұмыс жасау.
Ынтымақтастық
1960 жылдан бастап факультетпен ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша ынтымақтасып, белгілі отандық және шетелдік педагогтар мен ғалымдар дәріс оқыды: т.ғ.д., проф. Гвоздев А.А.; т.ғ.д., проф. Крылов С.М.; т.ғ.д., проф. Барашиков А. Я.; т.ғ.д., проф. Байков В. Н.; т.ғ.д., проф. Попов Н. Н.; т.ғ.д., проф. Корф М.; т.ғ.д., проф. Данилов Н.Н.; т.ғ.д., проф. Жүнісов Т.Ж.; т.ғ.д., профессорлар Волков Д.П., Абаканов Т.Д., Беспаев А.А., Байнатов Ж.Б. және т. б.
Әр уақыттарда факультет оқытушылары жетекші ғалымдармен тығыз ғылыми қарым-қатынастар жасады: ф-м.ғ.д., ММУ «Теориялық механика»
кафедрасының профессоры В.Т. Деминмен; т.ғ.д., профессор, МИҚИ «Құрылыс
механикасы» кафедрасы меңгерушісі Н.Н. Леонтьевпен; т.ғ.д., проф., МнПТИ «Құрылыс механика» кафедрасының меңгерушісі Л.А. Розинмен; ҚазКСР ҒА-ның корр-мүшесі, ф.-м.ғ.д., профессор, ҚазМУ «Теориялық механика» кафедрасы меңгерушісі В.А. Сапамен және т.б.
Профессор-оқытушылар құрамының оқу-әдістемелік жұмысы:
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің моделін жетілдіру, оқыту әдістемесі, білім беру бағдарламаларының оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі, практикаға бағдарлану мәселелері бойынша ҚР БҒМ ОӘС жұмысына қатысу (ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік секциясы);
- ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу және басып шығару;
- Практиканың, курстық және дипломдық жобалаудың әдістемелік қамтамасыз етілуін әзірлеу;
- Білім алушылардың білімін бағалаудың ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау бойынша материалдарын әзірлеу;
- Пәндерді заманауи оқу-әдістемелік басылымдармен, нормативтік құжаттармен, электрондық оқулықтармен және т. б. қамтамасыз ету.
Оқу бейне сабақтарының кестесі
Оқу-әдістемелік әдебиеттерді басылымының жоспары
2019-2020 оқу жылына жалпы құрылыс факультетінің әдістемелік кеңесі жұмысының жоспары