«SCHOLARSHIPS» АРНАЙЫ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
1. «Scholarships» арнайы спипендиясы (ары қарай мәтінде - арнайы стипендия) ақылы негізде білім алатын, бірақ әртүрлі жағдайға байланысты (отбасылық жағдайы, денсаулығы, қаржылық жағдайы және т.б.) оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ - ең дарынды ХБК/ҚазБСҚА және ҚАУ магистранттарына, студенттеріне, білім алушыларына тағайындалады.
2. Арнайы стипендия келесідей жағдайларда тағайындалуы мүмкін: 1) магистратура, бакалавриат, колледж білім алушыларына – әр факультетте (мамандықта) ақылы негізде білім алатындардың ауыспалы контингентінің жалпы санының 15%-нан аспайтын, оның ішінде:
- 3%-ға дейін 100% стипендия,
- 6%-ға дейін 50% стипендия,
- 6%-ға дейін 25% стипендия;
- ҚАУ жанындағы мектептің (5-11 сынып) оқушыларына, сонымен қатар сырттай білім алушыларға – факультеттің (колледж, мектеп), ауыспалы контингентінің жалпы санының 10%-нан аспайтын, оның ішінде:
- 2%-ға дейін 100% стипендия,
- 4%-ға дейін 50% стипендия,
- 4%-ға дейін 25% стипендия;
- ҚазБСҚА жанындағы лицей оқушылары үшін – оқушылардың ауыспалы контингентінің жалпы санының 6%-нан аспайтын санына - 50% стипендия.
3. «Scholarships» спипендиясы:
- күндізгі оқу бөлімінде білім алушыларға - бір оқу семестіріне;
- сырттай оқу бөлімінде білім алушыларға – бір оқу жылына;
- ҚАУ жанындағы мектеп пен ҚазБСҚА жанындағы лицей оқушыларына - бір жартыжылдыққа;
- соңғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша қайта тапсыруға жіберілмеген білім алушыларға (практика бойынша емтихан сессиясын қоса алғанда) тағайындалады.
4. ҚР азаматтарымен қатар, арнайы стипендия басқа мемлекет азаматтары болып табылатын қазақ ұлтына, шетел азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға тағайындалады. Басқа шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар да арнайы стипендия бірыңғай жағдай ретінде (ҚазБСҚА/ҚАУ қоғамдық өміріне белсенді қатысқан және т.с.с. жағдайларда) тағайындалады.
5. Арнайы стипендия күндізгі бөлім білім алушыларына қатарынан 2 реттен артық тағайындалмайды.
6. 100%-дық арнайы стипендияның міндетті және қажетті шарттары:
1) соңғы емтихан сессиясының нәтижесі бойынша оқу үлгерімі үздік болу («А-» бағасынан төмен емес);
2) оқу-ғылыми-зерттеу іс-шараларына (конференцияларда баяндамалар оқу, басылымдар дайындау және т.с.с.) және корпорацияның қоғамдық өміріне қатысу;
3) жоғары оқу орнының жетістіктерін насихаттау және жоғары беделін сақтау;
4) студенттер мен ұзтаздар ортасында лайықты беделге ие болу.
- 50 %–дық арнайы стипендия 100% -дық арнайы стипендияға қойылатын талаптар бойынша тағайындалады, бірақ ережеге сәйкес білім алушылардың соңғы емтихан сессиясының нәтижесі бойынша тек 1 «В» бағасы болуы шарт.
- 25 %–дық арнайы стипендия 100% -дық және 50 %–дық арнайы стипендияға қойылатын талаптар бойынша тағайындалады, бірақ ережеге сәйкес білім алушылардың соңғы емтихан сессиясының нәтижесі бойынша тек 2 «В» бағасы болуы шарт.
|
Кесте 1 |
||||
№ п/п |
Талапкерге тағайындалған |
Бағалары |
I семестр |
II семестр |
Жылдық орташа жеңілдік |
1 |
100% болды |
Барлығы "А" |
100 |
100 |
100 |
Бір "В" |
50 |
50 |
50 |
||
Екі "В" |
50 |
25 |
37,5 |
||
Үш "В" және одан да көп |
- |
- |
- |
||
2 |
50% болды |
Барлығы "А" |
50 |
100 |
75 |
Бір "В" |
25 |
50 |
37,5 |
||
Екі "В" |
25 |
25 |
25 |
||
Үш "В" және одан да көп |
- |
- |
- |
||
3 |
25% болды |
Барлығы "А" |
25 |
100 |
62,5 |
Бір "В" |
- |
50 |
25 |
||
Екі "В" |
- |
25 |
12,5 |
||
Үш "В" және одан да көп |
- |
- |
- |
7. Магистратура/ бакалавриат/ колледждің күндізгі оқу бөліміне бірінші курсқа түскен білім алушыларына, оқушылар арасындағы пән олимпиадасының жүлдегерлеріне арнайы стипендия алғытөлем болып тағайындалуы мүмкін.
8. Шағын топтардың білім алушыларына арнайы стипендия тек ерекше жағдайда ғана тағайындалады (бекiтiлген байқау комиссиясының шешімі негізінде).
9. Бақылаудағы шаралардың күнтізбесі бойынша бекітілген мерзімге дейін арнайы стипендия үміткерлері Бірінші басшының атына материалдық қиыншылық себептерін көрсетіп, бекітілген формадағы арнайы бланкідегі өтінішті толтырып өткізеді. Өтінішке міндетті түрде сәйкес құжаттар тіркеледі. Қажетті құжаттардың ең аз тізімі арнайы өтініш бланкісінде көрсетіледі.
10. Сырттай білім алушыларға арнайы стипендия тағайындау барысында осы Ереженің жоғарыда көрсетілген шарттарына қоса, негізгі немесе уақытша жұмыссыздығы (жергілікті әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту органдарының растау анықтамасы қажет) немесе мүгедектік, еңбекке ұзақ жарамсыздығы т.с.с. ескеріледі.
11. Студенттердің өтініштерін Бірінші басшы басқаруымен байқау комиссиясы қарастырып, шешім қабылдайды. Байқау комиссиясының бекітілген құрамы туралы бұйрық әр жаңа оқу жылының басында бұйрықпен бекітіледі.
12. Байқау комиссиясының отырысында міндетті түрде хаттама рәсімделеді. Шешім байқау комиссиясы мүшелерінің ашық дауыс беруімен қабылданады. Байқау комиссиясының мүшесі бір үміткер бойынша шешімге келіспеушілігі болған жағдайда, комиссия мүшесінің айырықша пікірі хаттамаға жазылады. Байқау комиссиясының шешімі, арнайы стипендияны тағайындау бойынша бұйрыққа қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
13. Факультет декандары және колледждер/ ҚАУ жанындағы мектеп/ ҚазБСҚА жанындағы лицей директорлары екі күн ішінде байқау комиссиясының шешімімен білім алушыларды қол қойдырып таныстырады.
14. Байқау нәтижесі бойынша арнайы стипендия тағайындалмаған барлық білім алушыларға, сондай-ақ арнайы стипендияны тағайындау/ қайта растау туралы бұйрықта оқуға 25% немесе 50% жеңілдік алғандарға оқу ақысын төлеу мерзімі белгіленеді - арнайы стипендияны тағайындау/ қайта растау туралы бұйрыққа қол қойғаннан бастап 10 күн уақыт беріледі.
15. Арнайы стипендия ХБК/ ҚазБСҚА/ ҚАУ-дың ақылы негізде оқытудан түскен қаражат есебінен жүзеге асырылады.