
Құрметті талапкерлер!
Еліміздің сәулет, дизайн, құрылыс, экономика және менеджмент саласындағы жетекші жоғарғы оқу орнына қош келдіңіз! Академиядан білім алған мыңдаған түлек өмірден өз орындарын тапты. Олардың көбі мемлекеттік қызметте, ірі компаниялар мен мекемелерге басшылық етіп отыр.
Ал, жоғарғы оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақстан мен шетелге танылған ғалымдардан тұрады.
Қабылдау комиссиясы
Телефон: 8(727) 309-77-33, 380-06-66
Абдиллаева Фарида Максутовна
Лицей мен Колледждың техникалық хатшысы
Уразбаева Айгерим Ергалиенвна
тел: 8 747 264 60 25
ҚазБСҚА жанындағы сәулет және құрылыс колледжінің қабылдау ережелері
Жалпы ережелер
1. Колледжге негізгі орта, орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
2. Колледжге күндізгі және сырттай оқу түрлеріне мынадай мамандықтар бойынша қабылдау жүргізіледі:
- 1418000 Сәулет: оқыту түрі – күндізгі, біліктілігі – техник-жобалаушы
- 0402000 Дизайн (бағдар бойынша): оқыту түрі – күндізгі, біліктілігі – дизайнер (әрлеуші)
- 1401000 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану: оқыту түрі – күндізгі және сырттай, біліктілігі – техник-құрылысшы
- 0713000 Геодезия и картография: оқу түрі-күндізгі, біліктілігі – техник-геодезист
3. ҚазБСҚА жанындағы сәулет және құрылыс колледжінде тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымының басшылары қабылдау комиссиясын құрады, ол өз жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайды.
Колледжге күндізгі оқуту түріне түсушілердің өтініштері 20 маусымнан 25 тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін қабылданады. Күндізгі оқу бөліміне түсу емтихандары 1 тамыздан 28 тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейін өткізіледі.
Күндізгі оқу бөліміне 1418000-Сәулет , 0402000-Дизайн, 0402022 - Көркемдік-безендіру жұмыстарын орындаушы мамандықтары бойынша 20 маусымнан 20 шілдеге дейін құжаттар қабылданады, арнайы мамандық (шығармашылық) емтихандары 21 шілдеден 28 шілдеге дейін өткізіледі.
4. Колледжге түсушілер оқуға тусу өтінішімен қоса білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У үлгідегі медициналық анықтама қағазын, (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедек — МСЭ қорытындысы), 3х4 көлеміндегі 4 фотосурет (шығармашылық мамандыққа 5 фотосурет), жалпы білім беру мептерінің ағымдағы жылғы түлектері бірыңғай ұлттық тест немесе кешенді тесттің нәтижелері туралы сертификатты тіркейді. Талапкерлер жеке басын куәландыратын (жеке кәулігі, туу туралы куәлік және төлқұжат) құжаттарын жеке ұсынады. Оқуға түсушілердің күндізгі және сырттай оқу түрлеріне қатысты өтініштері бөлек тіркеледі және есептеледі.
5. Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, қоныстану орны бойынша тіркелген, ҚР тұрғылықты қоныстану құқығы бар құжат ұсынады: шетел азаматы – қоныстану ықтиярхат; азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның төлқұжатын; қашқын – қашқын төлқұжатын, оралман – оралманның төлқұжатын.
Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымына белгіленген қабылдау квоталары үшін оқуға түсуші тұлғалар квота бекітілген категориясын дәлелдейтін құжаттарды ұсынады.
6. ҚР уақытша қоныстанған тұлғалар, жеке басын куәландыратын құжаттың немесе көші-қону кәртішкесінің көшірмесін ұсынады.
7. Кешендi тестілеу (жоғары оқу орнына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестке қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижесі бойынша сертификат ұсынған азаматтар (ағымдағы жылғы жалпы орта білім беру түлектері), оқу орнына түсу емтихандарынан босатылады және 12-ші тармақта қөрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
8. Колледжге түсу емтихандары:
9-сынып негізінде:
1418000 – Сәулет, 0402000 – Дизайн, 0402022 - Көркемдік-безендіру жұмыстарын орындаушы – тестілеу (қазақ немесе орыс тілі), оның ішінде екі шығармашылық емтихан тапсырады - сурет, сызу.
1401000 - Ғимараттар мен имараттарды салу және пайдалану, 0713000 Геодезия және картография-тестілеу (қазақ немесе орыс тілі, математика)
11-сынып негізінде:
1418000-сәулет, 0402000-Дизайн-тестілеу (қазақ немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы), оның ішінде екі шығармашылық емтихан тапсырады - сурет, сызу.
1401000 - Ғимараттар мен имараттарды салу және пайдалану, 0713000 Геодезия және картография-тестілеу (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика)
- мамандық бейіні бойынша өткізіледі - мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін;
- әңгімелесу түрінде өткізіледі - мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін.
Арнайы (шығармашылық) емтиханнан «қанағаттанарлықсыз» баға алған немесе емтиханға себепсіз келмей қалған талапкер келесі емтиханға жіберілмейді.
Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
1) тестілеу түрінде әрбір пән бойынша 25 тест сұрағы болады. Әрбір тест сұрағының дұрыс жауабы 1 балл санымен есептеледі. Үш пән бойынша тестілеуге 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі. Дұрыс жауаптың кодтары тест біткеннен соң бірден ілінеді. Тестілеу нәтижелері тест өткізілген күні жарияланады;
2) Пәндік оқуға түсу емтихандарының нәтижесі бойынша "3", "4", "5" бағалары, қабылдау комиссиясымен мынадай балл сандарына ауыстырылады: "3" бағасы – 8 балл, "4" бағасы – 17 балл, "5" бағасы – 25 балл.
9. Тест тапсырмалары (сұрақтары) мен пән бойынша емтихан нәтижелерін бағалау кезінде бірыңғай талаптарды қадағалауды қамтамасыз ету, даулы сұрақтарды шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында академияда апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссия құрамы оқу орнының басшылығымен бекітіледі. Комиссия мүшелерінің саны ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады. Апелляциялық комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады.
Пән бойынша түсу емтиханы немесе тестілеу нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға өтініш беруге құқығы бар.
Талапкер түсу емтиханының нәтижелері жариялағаннан күннің ертеңгі сағат 13-00 ге дейін қабылдау комиссиясына апелляцияға өтініш бере алады, одан кейін апелляциялық комиссия өтінішті қарап, шағымданушының қатысуымен шешім қабылдайды.
Пән бойынша түсу емтиханы мен тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
10. Күндізгі оқу бөлімінде оқитындарды қабылдау 25 тамыздан 30 тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне 15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін конкурстық негізде жүргізіледі.
Конкурс мынадай түрде өткізіледі:
- ағымдағы жылдың бірыңғай ұлттық тест нәтижелері (ҰБТ) бойынша берілген сертификаттағы балл саны негізінде;
- ҚР ЖОО-на түсу үшін кешенді тест түрінде өткізілген оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балл саны негізінде;
- колледжде өткізілген пәндер немесе кешенді тест түріндегі оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген балл саны (бағасы) негізінде;
- оқуға қабылдау кезіндегі байқауда, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатында көрсетілген үш пән бойынша балл сандарының қосындысы есепке алынады.
Негізгі жалпы білімі барлар – екі пәннен балл саны 20-дан төмен, , орта жалпы білімі барлар – 3 пәннен балл саны 30-дан төмен болған жағдайда оқушылыр қатарына қабылдау байқауына жіберілмейді.
ҒИҚЭ ЖӘНЕ ГжК МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС ИЕГЕРЛЕРІ КОНКУРСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ