
ҚазБСҚА жанындағы сәулет және құрылыс колледжінің түлектері
Қазіргі өмір болашақ маманның кәсіби дайындық деңгейіне жоғары талаптар қояды. Табысты жұмысқа орналасу және мансапты дамыту үшін бүгінгі күні еңбек нарығында мақсаткерлік, кәсіби құзыреттілік, коммуникабельділік сияқты жеке қасиеттер маңызды. ҚазБСҚА жанындағы колледж бітірушілерді жұмысқа орналастыру және уақытша жұмыспен қамту мақсатында өз алдына келесі қызмет бағыттарын қояды:
- колледж түлектерінің жұмыспен қамтылу мониторингі: түлектердің мәліметтер базасын құру, түлектердің кәсіптік жұмыспен қамтылуы туралы ақпарат жинау;
- жұмысқа орналастыру бойынша тікелей қызмет: бітірушілерді жұмысқа орналастыруға және колледж студенттерін уақытша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (студенттік құрылыс отрядтары және т. б.), еңбек нарығына бейімделуге көмектесу;
- еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс туралы ақпарат беру: жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация беру, жұмыс берушілермен қарым-қатынас жасаудың тәсілдері мен дағдыларына оқыту;
4. кәсіби бағдар беру қызметі: оқушылардың ақпараттық жәрмеңкелерге, бос орындар жәрмеңкелеріне және т. б. қатысуын ұйымдастыру.
Жыл сайын түлектер саны 343 адамды құрайды, оның ішінде 197 "Сәулет" мамандығы бойынша, 65 "Дизайн" мамандығы бойынша, 81 "ғимараттар мен имараттарды салу және пайдалану"мамандығы бойынша. Колледж бойынша жұмысқа орналасқандардың орташа пайызы – 98%.
Оқуды аяқтағаннан кейін бакалавриат бағдарламасы бойынша өз білімін жалғастырғысы келетін колледж студенттері тиісті мамандықтар мен ХБК (ҚазБСҚА) жолдамаларына қысқартылған бағдарламалар бойынша оқуға түседі.