Директор блогы
Директор блогы

ҚазБСҚА жанындағы сәулет және құрылыс колледжі директорының блогы

Сүлейменова Қымбат Қасымқызы

ҚазБСҚА жанындағы сәулет және құрылыс колледжі директорының м. а., тарих ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

e-mail: kimbat_kasimovna@mail.ru

тел.: +7(727) 220 80-74 ішкі (1110)

Сәлеметсіз бе, құрметті сайт қонақтары!

Мен сіздерді жеке блогымда көргеніме қуаныштымын!

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының жанындағы колледж жобалау және құрылыс фирмаларының, дизайн-студиялардың, жарнама агенттіктерінің, Алматы қаласының ұйымдарының және Қазақстанның басқа да қалаларының қажеттіліктеріне сәйкес сәулет, дизайн, құрылыс саласындағы техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды 20 жылдан астам уақыт бойы дайындап келеді.

Колледжде орта кәсіптік білім алу - оқытудың басты мақсаты, бірақ бұл студенттік өмірдің бір қыры ғана.

Колледжге оқуға түсетін жастар Қазақстан – жаңа тұрғын үйлер, спорт орталықтары, мектептер, балалар үйлері салынып, тарихи нысандар қайта жаңартылып жатқан, серпінді дамып келе жатқан ел екенін түсінеді, демек, түлектер еңбек нарығында қатаң бәсекелестікке төтеп бере алатын және сұранысқа ие бола алатын маман.

Колледжде жеке тұлғаның үйлесімді дамуына және болашақ құрылысшылардың, сәулетшілер мен дизайнерлердің әлеуетін жүзеге асыруға, кәсіби мәдениет деңгейін арттыруға ықпал ететін ерекше атмосфера құрылған.

Біздің колледждің студенттері халықаралық кәсіби шеберлік байқауларына, «World Skills», «ProfMasterOK»,   қолданбалы және көркем өнер көрмелеріне, спорттық іс-шараларға белсене қатысады.

Біз сіздерді, мақсаты айқын, жасампаз жастарды күтеміз!

Біздің колледждің мамандықтары - дамып жатқан нарықтық экономиканың даму кезеңінде әрдайым сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті болудың кепілі.