Ғылыми қызметтің нәтижелілік индикаторларының бірі жарияланымдардың деңгейі мен сапасы, олардың халықаралық және республикалық ғылыми базаларда дәйексөзділігі болып табылады.
2019-2020 оқу жылының бірінші жарты жылдығында ЖОО ғалымдарымен 98 жұмыс жарияланды. Оның ішінде-Қазақстан Республикасының 4 патенті, Web of Science, Scopus және т. б. мәліметтер базасында индекстелетін жоғары рейтингті басылымдарда 18 ғылыми еңбектері бар.
Web of Science, Scopus және т. б. халықаралық деректер базаларында индекстелетін жоғары рейтингті басылымдардағы факультеттердің жарияланым белсенділігі.
2000 жылдың 14 тамызынан бастап "ҚазБСҚА хабаршысы" ғылыми журналы (куәлік № 1438-Ж), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2012 жылдың 10 шілдесіндегі №1082 бұйрығымен ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін БҒСБК ұсынған ғылыми басылымдар тізіміне енгізілді.
2019 жылы редакциялық алқаға 9 шетелдік ғалымдар енгізілген, олардың ішінде 2 Польшадан-Уйма А., Куц С., 2 Ресейден-Ватин Н. И., Шубин И. Л., 1 Белоруссиядан - Голубев Н. М., 1 Әзірбайжаннан – Саламзаде Э. А., 2 Қырғызстаннан – Бегалиев У. Т., Муксинов Р. М., 1 Өзбекстаннан-Юсупова М. А.
ҚазБСҚА ПОҚ ғылыми журналда тегін жариялауға мүмкіндігі бар.