BIM-технологиялар
BIM-технологиялар

Сандық экономиканы құру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында ҚазБСҚА білікті мамандарды қамтамасыз ете отырып, жоғары технологиялық жабдықтары бар факультетаралық BIM-зертханасы құрылды.

Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың білім беру бағдарламаларына BIM - жобалау және құрылыс технологиялары, Revit, SketchUp, Rhinoceros, 3D Grasshopper және т.б. сияқты құрылыс материалдарын дайындау технологиялары оқытудың сандық бағдарламалары енгізілді.

Шетелдік жоғары оқу орындарымен, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ, "ҚАЗГОР" АҚ, "Сен-Гобен құрылыс өнімі, Қазақстан" және т. б. білім беру бағдарламаларына ақпараттық модельдеу технологияларын енгізу саласында ынтымақтастық дамуда.