
Студенттік шақ өмірдің ең жарқын да, қызықты кезеңі. Жалындаған жастықтың, достықтың, мүмкіндіктердің уақыты. Әр күн сайын жаңа нәрсе үйреніп, біліміңді толықтыратын кезең. Ал, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясындағы студенттік өмір тіптен керемет. Мұнда жастардың білім алуына, спортпен шұғылдануына және бос уақытын көңілді өткізуіне барлық жағдай жасалған. Академияның 40 жылдық мерейтойы қарсаңында жалпы аумағы 500 шаршы метр болатын Студенттер одағы ғимараты ашылды. Бұл жайды студенттер өз қалауларынша пайдалана алады. Мұнда «КТА», «ҚазБСҚА аруы», «ҚАУ аруы», «Бірінші курс таланттары» сияқты түрлі қоғамдық, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Жоғарғы оқу орнында сонымен бірге түрлі студенттік ұйымдар мен клубар жұмыс істейді.
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясындағы қызыққа толы студенттік өмірге қош келдіңіздер!