ҚазБСҚА миссиясы – жоғары білікті мамандар дайындау, студенттердің барлық деңгейде білім алуына жағдай жасау, қоғамнан өз орнын таба алатын, ой-өрісі кең, зиялы азаматтар тәрбиелеу. ҚазБСҚА студенттерге терең білім беріп қана қоймай, оларды азаматтық жауапкершілікке, отан сүйгіштікке және интернационализмге баулиды.
ҚазБСҚА Қамқоршылар кеңесі (ҚК) 2000 жылы Қазақстан Республикасының мүдделері үшін ЖОО интеллектуалды потенциалын тиімді пайдалану және оған қажетті ұйымдастырушылық-материалдық көмек көрсету мақсатында құрылды.
2000 жылы Қазақстан Республикасының ЖОО-ы арасында алғаш рет мамандықтар бойынша Тапсырыс берушілер кеңесі және сараптау комиссиясы құрылды (ТКжСК).
Тапсырыс берушілер кеңесі және сараптау комиссиясы ҚазБСҚА-дағы білім берудің тиімділігі мен оның деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін оқу жоспарларын, инновациялық оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысатын, оқу-әдістемелік жұмыстарға, түлектердің жұмысқа орналасуы мен іс-тәжірибесі мәселелерін шешуге атсалысатын кеңестік орган.
Жемқорлық ең қауіпті және жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың бірі. Ол әлемдік қауымдастықтың алдында мемлекеттің беделін түсіреді, шетелден инвестиция тартуға кедергі келтіреді. Қазіргі уақытта, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламасын жүзеге асырып жатыр.