Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің халықаралық фестивалі
Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің халықаралық фестивалі жоғарғы оқу орындарының мамандары, сәулет-құрылыс саласының кәсіпқойлары, жас сәулетшілер, құрылысшылар мен дизайнерлердің басын қосатын ғаламдық шығармашылық алаң. Жыл сайынғы дәстүрлі байқау талантты жастарға өз әлеуетін танытуға, кәсіптік қызметін бастауға жол ашады.
Фестивалға мынандай шаралар кіреді:
- Үздік дипломдық жұмыстардың халықаралық байқау-көрмесі;
- Мектептердің тұсаукесері;
- Ғылыми семинар;
- Ғалымдар мен кәсіпқойлардың өзара байланысы;
- Мәдени бағдарлама.