Республикалық байқау-конкурсы

 

 

ҚР бойынша «Сәулет және құрылыс» мамандарын дайындау бағыты бойынша

бітіру біліктілік жұмыстарының Республикалық байқау-конкурсы туралы

ТӘРТІП

 

  1. Жалпы тәртібі

Бітіру біліктілік жұмысы байқау-конкурс (ары қарай байқау) ағымдағы жылы оқуды бітірген ЖОО түлектері арасында өткізіледі. Байқаудың мақсаты мамандарды дайындау сапасын көтеру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ жалпы тәрбиелеу және ғылыми-әдістемелік ісшаралар кешенінде оқу және өздік жұмысын жетілдіру болып табылады.

Байқау Республикалық мәртебеге ие және Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының (ҚазБСҚА) базасында жыл сайын күзгі семестрде өткізіледі. Байқаудың ресми тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.

  1. Байқаудың жұмыс органдары
    1. Ұйымдастыру комитеті

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы ҚазБСҚА ректоры, орынбасары – ОӘБ жауапты хатшысы, мүшелері: Сәулет, Дизайн, Жалпы құрылыс, Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультетінің декандары, академиялық және ассоцацияланған профессорлары.

Бұдан басқа ұйымдастыру комитетінің құрамына қоғамдық ұйымдардың және студент жастар комитетінің өкілдері кіруі мүмкін. Ұйымдастыру комитеті бітіру біліктілік жұмысы байқауын өткізу бойынша ісшараларды жасайды, мерзімін анықтайды, байқаудың басқа қалған жұмыс органын қалыптастырады және бағдарлама әзірлейді.

Тікелей байқау өткізу алдында және оның жұмысы кезінде ұйымдастыру комитеті байқау қатысушыларын тамақтандыру және орналастыруды қамтамасыз ету бойынша шараларды, диспозициялық залды дайындау бойынша, техикалық құралдармен және шығын материалдарымен жабдықтау, олардың қызмет көрсетуі мен жөндеу жұмыстарын, байқауды өткізу тәртібін сақтау, экспозицияны сақтау, сондай-ақ байқау ісшарасын қаржыландыру үшін бюджеттен тыс қаражат тарту шараларын өткізеді.

  1.  Тіркеу комиссиясы
  •   комиссиясы ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен құралады. Оның қызметіне мыналар кіреді:  

2.2.1 Байқауға қатысушыларды тіркеу, құжаттарды өтінім мәліметімен тексеру, қатысушыларды тамақтандыру және орналастыру үшін құжаттарды беру, сондай-ақ байқау бағдарламасын, қажеттілігіне кезінде виза тәртібі бойынша көмек көрсету, іссапар куәлігіне белгі қою.

2.2.2 Осы Тәртіптің байқау өткізу шарттарының сәйкестігін тексеру.

2.2.3 Әрбір жұмыстың алынған бағасын қою және оларды хаттамаға енгізу.

Тіркеу комиссиясының шешімі хаттамаға жазылады және байқауды өткізу туралы есепке енгізіледі.

  1.  Қазылар алқасы

Шығармашылық мамандықтар (білім бағдараламалары) бойынша бітіру жұмыстарын бағалау үшін құрамына шығармашылық одақ және сәулет-дизайнер компаниясының беделді мамандары, жетекші дағдыланған мамандар кіретін қоғамдық референтура құрылады.

Инженер мамандықтары түлектерінің біліктілік жұмыстарын құрамы фирма және өнеркәсіп басшылары мен жетекші мамандары, түлектерге жұмыс орнын ұсынушы негізгі жұмыс берушілерден тұратын  байқау комиссиясы бағалайды.

Бұдан басқа қоғамдық референтура және байқау комиссиясының құрамына ҚазБСҚА және қатысушы-ЖОО-ның өкілдері кіреді.

Қазылар алқасының қызметіне мыналар кіреді:

  • Байқау-конкурсты өткізу бойынша үйлестіру жұмыстары;
  • Қатысушылардың жұмыстарын тексеру және бағалау;
  • Байқау-конкурсты өткізу нәтижесі туралы қорытынды құжатты дайындау;
  • Байқау-конкурсты өткізу бойынша басқа мәселелерді шешу.

Қазылар алқасының шешімі хаттамаға енгізіледі және төраға мен қазылар алқасының мүшелері қол қояды.

  1. Апелляциялық комиссия

Апелляция комиссиясын ҚазБСҚА-ның ең білікті және беделді мамандарының біреуі басқарады. Апелляция комиссиясы құрамына қоғамдық референтура мен байқау комиссиясының өкілдері  және қатысушы ЖОО-ның өкілдерінің біреуі кіреді (ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша).

Апелляция комиссиясының қызметіне мыналар жатады:

  • Конкурсанттар тарапынан берілген шағымдарды қарау.
  • Қайта қаралған жұмыстар бағасын сақтау немесе өзгеріс енгізу.

Комиссия апелляцияға берілген жұмыстың бағасын жоғарылатуға, төмендетуге немесе өзгеріссіз қалдыруға құқылы.

Комиссия жұмысы хаттамаға енгізіледі және апелляциялық комиссияның төраға мен мүшелері қол қояды.

  1. Байқауды өткізу және ұйымдастыру тәртібі
    1. Өтінімді рәсімдеу және тіркеу

Диплом жобасының байқау-конкурсына қатысу үшін өтінім берудің соңғы мерзімі (deadline) – байқау-конкурсты өткізуге дейін екі апта бұрын.

Әрбір номинациядан қатысушылардың жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін байқауға қатысу шарты кезінде екіден кем емес ЖОО және жұмыс саны 5-тен кем емес болған жағдайда осы номинация бойынша байқау болып өтті деп саналсын.

Қатысушы-ЖОО-ы ҚазБСҚА-на байқауға қатысу үшін студенттің аты-жөні, бітіру жұмысының тақырыбы көрсетілген өтінім жібереді. Өтінімде бітіру біліктілік жұмысы жетекшісінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы және лауазымы көрсетіледі, байқауға жұмысты алып келуші оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы және лауазымы көрсетіледі (1 және 2 қосымшалар).

Байқауға ұсынылатын жоба санын сақтау үшін (15 түлектен 1 жұмыс), ЖОО-ы әрбір мамандықтар (мамандандырылуы) бойынша білім алушылар мен соңғы жылдағы түлектердің саны туралы расталған анықтаманы және оқуды жалғастыру бойынша ақпаратты (бекітілген ЖОБ-ның көшірмесін) ұсынады.

«Сәулет» және «Дизайн» мамандықтары диплом жобаларының экспозициялық бөлімі 80 х 60 см планшетте (аннотациясы орыс және ағылшын тілінде жазылған) ұсынылады, инженерлік мамандықтар бойынша түсіндірме жазба ұсынылады.

Инженерлік мамандықтары  диплом жобаларының графикалық бөлімі А3 және А4 форматында, бұдан басқа ұсынылған жұмыстың графикалық материалдары жазылған CD-ДИСК (JPG немесе TIF форматында) және DOC форматында «Microsoft Word» мәтінімен терілген  осы жұмыстардың бірыңғай тізімі ұсынылады.

Байқауға қатысуға бекітілген талаптарға сәйкес орыс/қазақ және ағылшын тілдерінде рәсімделген жұмыстар жіберіледі. Аударма бекітілген мамандандырылған терминологиялық сөздік негізінде орындалуы тиіс.

Тіркеу комиссиясы конскурсанттың құжаты мен өтінім арасы сәйкес келмейтінін тапқан кезде соңғысы қатысуға жіберілмейді.

Қатысушылар ҚазБСҚА-ға келгенде тіркеу комиссиясына белгіленеді, іссапар куәліктерін белгі қою үшін  өткізеді, қажет болған жағдайда виза тәртібі мәселесін шешеді, орналасу, тамақтану құжаттарын және байқау өткізудің бағдарламасын алады. Содан кейін ҚазБСҚА жұмысшыларымен тағайындалған орынға өздерінің экспозицияларын орналастырады.

  1. Критерийлік бағаларды талқылау

Тіркеу және орналасқаннан кейін қоғамдық референтура мен байқау комиссиясының мәжілісінде бітіру біліктілік жұмысының критерийлік бағалары талқыланады.

  1. Байқауды өткізу

Жұмысты бағалау байқаудың екінші күні ұсынылған жұмыстарды балмен бағалайтын қоғамдық референтура және байқау комиссиясының шешімімен өткізіледі.

Байқауға ұсынылған дипломдық жобалар байқаудың соңғы қорытындысын шығарғанға дейін және оның нәтижелерін жариялағанға дейін өздерінің экзпозициясында орналасқан күйінде қалады.

Шешім хаттамаға жазылады және қазылар алқасының хаттамасына енгізіледі.

Қажет болған жағдайда қоғамдық референтура және байқау комиссияның төрағалары апелляциялық комиссияға өтініштер қабылдайды.

* ОӘБ мүшелік жарнасын төлеу бойынша қарызы бар ЖОО-ының дипломдық жобалары тек ғана қабырға баяндамаларымен танысу үшін байқау-конкурсына  қатысуға жіберіледі.

  1. Байқаудың қорытындысын шығару тәртібі

Жүлделі орындар номинациялар бойынша бөлінеді (қосымша 3), жүлделі орындар саны әрбір номинация бойынша қатысушылар санына байланысты: I орын – 7%; II орын – 14%; III орын – 21%.

Қорытынды мәжілісте байқау қорытындысы қаралады, байқаудың ұйымдастырылуы туралы пікірлер мен хабарламалар тыңдалады, байқауды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданады.

Байқауды өткізу қорытындысын ұйымдастыру комитетінің төрағасы шығарады. Номинацияларға сәйкес жүлделі орын алған студенттерге салтанатты жағдайда байқаудың лауреаты атағы беріледі және дипломдар табысталады.

  1. Байқауды материалмен қамтамасыз ету

Бітіру біліктілік жұмысының байқау-конкусын өткізу және дайындауды қаржыландыру ҚазБСҚА, білім беру мекемелерінің қамқоршылары, ОӘБ мүшелерінің ЖОО-ы мүшелік жарнасы, демеушілер жарнасы, сондай-ақ жеке тұлғалар есебінен жүзеге асырылады.

Байқау жұмыстардың авторлары мен алып жүруші оқытушылардың іссапар шығындарын қатысушы-ЖОО-ы тараптары төлейді.

Байқауды өткізуге жұмсалатын шығындар сметасын ұйымдастырушы комитет жасайды және ұйымдастыру комитетінің төрағасымен бекітіледі.

Қосымша 1 - Байқауға қатысу үшін өтінім

Қосымша 2 - Диплом жұмысының ғылыми жетекшісі, жоба, автор туралы мәлімет  

Қосымша 3 - Бітіру біліктілік жұмыстарының байқау-конкурсы номинацияларының тізбесі