2000 жылы Қазақстан Республикасының ЖОО-ы арасында алғаш рет мамандықтар бойынша Тапсырыс берушілер кеңесі және сараптама комиссиясы құрылды (ТКжСК).
Тапсырыс берушілер кеңесі және сараптама комиссиясы ҚазБСҚА-дағы білім берудің тиімділігін арттыру және жоғары деңгейге жетуге мүмкіндік беретін оқу жоспарларын, инновациялық оқу бағдарламаларын жасау барысында қатысуға, оқу-әдістемелік жұмысы кезінде атсалысуға, түлектердің жұмысқа орналасуы мен практиканың барлық түрлерін өткізуге қатысты сұрақтарын шешуге бағытталған қызметі бар кеңестік орган болып табылады.
ТКжСК қызметінің негізгі мақсаты мен міндеттері:
- ғылыми зерттеулер мен іргелі білімдер нәтижелерінің сабақтасуына негізделген, оларды өндірістік қызметте қолдана отырып, жоспарланған және әдістемелік құжаттарды жасауға және талдауға қатысу;
- оқу процесіне, соның ішінде мамандану бойынша, өндіріс технологиясы, отандық және шетелдік практикадағы нарықтық қатынас бойынша ғылыми мәселелердің заманауи әдістері туралы дәріс оқуға қатысу.
Жыл сайын академияда ТКжСК отырысы өтеді, құрамына ҚазБСҚА білім беру бағдарламаларының барлық бағыттары бойынша жоғары білікті мамандар кіреді