
ҚазБСҚА кітапханасы
Кітапханада оқырмандарға екі абонемент және алты оқу залы қызмет көрсетеді.
ҚазБСҚА-ның астыңғы қабатында:
№ 6 Оқу залы - Ғылыми және оқу депозитарлық қоры – оқу залында студенттерге, магистранттарға, оқытушыларға қызмет көрсетіледі. Оқу процесіне және ғылыми жұмыстарға қажетті ғылыми кітаптар ұсынылған. № 6 Оқу залы – абонемент болып табылады. Мұнда ғылыми және оқу депозитарлық қоры топтастырылған.
ҚазБСҚА – ның бірінші қабатында:
Оқу әдебиеті абонементі – оқырмандарды кітапханаға тіркейді. Барлық курс студенттеріне, магистранттарға, профессорлық-оқытушылар құрамына, қызметкерлерге қызмет көрсетеді. Оқулықтар 1 семестрге беріледі. Күзгі семестрдің соңында оқырмандар әдебиетті пайдалану шарттарын ұзартуға міндетті және көктемгі семестрдің соңында (1 шілдеге дейін) – қолында бар барлық әдебиеттерді тапсыруы керек. Саны аз әдебиеттер қысқа мерзімге ғана беріледі. Оқырмандарға қызмет көрсету түрлері - жеке қызмет көрсету, топтық қызмет көрсету.
№ 5 Оқу залы - сәулет, дизайн және құрылыс мамандықтарына арналған әдебиеттер залы.
Магистранттарға, профессорлық-оқытушылар құрамына және студенттерге қызмет көрсетіледі. Мұнда сәулет, дизайн және құрылыс мамандықтары бойынша әр түрлі тілде жазылған кітаптар ұсынылады. Студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, ПОҚ-на қызмет көрсетіледі.
ҚазБСҚА-ның екінші қабатында:
№ 4 Оқу залы – профессорлық-оқытушылар құрамы мен магистранттарға қызмет көрсету залы. Оқу залында оқырмандар қызметіне графикалық жұмыстар орындау үшін Auto CAD-14, Auto CAD-2000, Corel Draw бағдарламалары қойылған компьютерлер орнатылған. Мұнда қажетті әдебиеттерді кітапхананың электрондық каталогы бойынша іздеуге болады. Залда ағылшын тіліндегі әдебиеттер (анықтамалық және мерзімді басылымдар), «Дәуір соңы кітапханасы» атты топтаманың 250 томы, 22 томдық Британ энциклопедиясы және 30 томдық Америка энциклопедиясы бар. «ҚазБСҚА ПОҚ еңбектері» үнемі әрекет ететін көрмеге қойылады.
№ 3 Оқу залы - Студенттерге арналған электрондық және мультимедиялық оқу залы.
Оқырмандар үшін интернетке қосылған 30 компьютер жұмыс істейді. «IPRbooks» дерекқорын пайдаланып, ұлттық жазылым бойынша «Elsevier», «Skopus», «ScienceDirect» және «Clarivate Analytics», «ҚазНЭБ», «РМЭБ» дерекқорларын оқуға болады. Сонымен бірге электронды каталог бойынша қажетті әдебиеттерді таба аласыз.
Әдебиетті жинақтау және өңдеу бөлімі № 244 каб. – оқу үрдісіне, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті кітаптар қорын жинақтайды. Жаңа басылымдарға тапсырыс жасайды. Бөлім сонымен бірге жаңадан түскен материалдарды жүйелендіріп, каталогқа енгізеді.
ҚазБСҚА – ның үшінші қабатында:
№ 1 Оқу залы. Зал құқықтық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша әдебиеттер (тарих, философия, саясаттану, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, этика, эстетика, дін, құқық негіздері, шаруашылық қызметтің заңнамалық негіздері), жалпы жаратылыстану пәндері бойынша (математика, физика, химия) әдебиеттер, тілдерді (қазақ, орыс, ағылшын) оқытуға арналған оқулықтар, экономикалық пәндер бойынша әдебиеттер, анықтамалық және мерзімді басылымдар ұсынады.