Кітапхана директоры
Қымбатты студенттер!
Қазір біздің ЖОО-на оқуға түскендер бейтаныс жолға алғашқы қадам жасап жатқандай, ең бастысы, бұл қадам дұрыс әрі дәйекті болуы тиіс. Егер адам білімге ұмтылса, оның өмірі сөзсіз табысты болады. Біздің Отанымыздың құшағы жоғары оқу орындарының түлектеріне әрдайым ашық. Біздің Халықаралық білім беру корпорациясында – ҚазБСҚА-да алған білімдерін тәжірибеде қолдануға көп мүмкіндіктер берілген. Академияның міндеті – сізді қажетті білім алуға үйрету, бар талантыңызды дамыту, өмірдегі өз орныңызды табуға көмектесу. Университет өмірінің жылдарын барынша пайдалану керек – олар ешқашан қайтып келмейді. Академия – тек оқу ғана емес, сан қырлы студенттік өмір: спорт, КТК, құрылыс отрядтары... Біз, өз кезегінде, сіздің жеке тұлға ретінде ашылып, біздің Ұлы еліміздің толыққанды азаматы болып қалыптасуыңыз үшін бар күш-жігерімізді саламыз.