Кітапхана тарихы

Кітапхана тарихы Алматы сәулет-құрылыс институты ашылған 1980 жылдан бастау алады. Сол кезде Қазақ политехникалық институты мен Бүкілодақтық сырттай білім беретін инженерлік-құрылыс институты кітапханаларының қорлары негізінде құрылды. Бастапқы қоры 128 мың дана кітапты құрады.

Қазіргі кезде бұл оқу-тәрбие және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізетін ең ірі бөлімше. Мақсаты - білім беру нарығында жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, білім беру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына ақпараттық қолдау жасау, кітапхана қоры мен ғылыми мұраны кейінгі ұрпаққа қалдыру.

Кітапханаға «КАБИС» автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесін енгізу тың технологияларды пайдалануға мүмкіндік берді. Нәтижесінде оқырмандар өздеріне қажетті ақпаратты жылдам табатын болды. Сонымен бірге тақырып бойынша әдебиеттерді іріктеуге мүмкіндік беретін электрондық тізім мен картотека жасалды.  

Кітапханада «Заң» және «Заңгер» анықтамалық-іздеу жүйелері, нормативтік құжаттардың электрондық ақпараттық-анықтамалық базасы бар. Электрондық және мультимедиялық залдардағы компьютерлерде сызбалар (AutoCAD және басқа) жасайтын бағдарламалар орнатылған. Оқырмандар үшін интернет желісіне қосылған 30 компьютер жұмыс істейді. Кітапхана бүгінде өз оқырмандарына екі абонемент пен алты оқу залында сапалы қызмет көрсетеді. «Қысқы бақ» деп аталатын оқу залында экзотикалық өсімдіктер жайқалып тұр.

Кітапхана ҚР кітапханалар қауымдастығының, ЖОО кітапханалары қауымдастығының мүшесі. Бөлімше қызметкерлері халықаралық және аймақтық конференциялар, семинарлар, жиындарға қатысып тұрады.

 

Кітапханалардың есігі өз оқырмандары үшін әрқашан ашық!

Кітапхана директорының телефоны: 8 (727)220 81 04 (ішкі 1123)

Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімі 8 (727)220 81 04 (ішкі 1124) 

Академия кітапханасының электрондық адресі: biblioteka.kazgasa@bk.ru