Нұсқаулықтар мен ережелер

АКАДЕМИЯ КІТАПХАНАСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

АБОНЕМЕНТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 1. Оқырмандар абонементтерде әдебиетке тапсырыс берген кезде оқырмандар билетін ұсынады, оқырман талабын толтырады және кітап формулярына қол қояды.

2. Үйге берілген әдебиетті пайдалану мерзімі және абонементтерде (оқу, ғылыми және көркем әдебиет) берілетін басылымдар саны шектеулі және кітапхана әкімшілігімен анықталады да, кітапхананы пайдалану ережелерінде тіркеледі.

3. Оқырмандар үйге алған кітаптарын, басқа басылым шығармаларын және өзге материалдарды пайдалану мерзімін басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаған жағдайда ұзарта алады.

4. Кітапханаға оқырмандарды жазу жоғары оқу орнына қатысын растайтын оқырманның құжаты мен өлшемі 3х4 см екі фотосурет берілгенде жүргізіледі. Профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер үшін кадрлық департаменттен анықтама қажет.

5. Кітапханаға жазылғанда оқырмандар оның ережелерімен танысып, оқырман формулярына қол қою арқылы оларды орындау міндеттемелерін растайды.

6. Оқырман билеті кітапхананы, оның барлық абоненттері мен оқу залдарын пайдалану құқығын беретін жалғыз құжат болып табылады.

7. Оқырман билетінің жарамдылық мерзімі – оқу жылы. Жыл сайын кітапхана өзінің оқырмандарын қайта тіркеуден өткізеді, белгіленген уақытта олардың атындағы барлық әдебиеттің тізімін ұсынады. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапханада қызмет көрсетілмейді.

8. Жоғары оқу орыннан шыққан жағдайда оқырмандар кітапханаға алған басылымдарды және оқырман билеттерін тапсырады.

9. Басылымды жоғалту немесе абайсыз бүлдіру үшін жауапкершілікке тартылған оқырмандар оларды сондай басылымдармен немесе көшірмелермен, немесе кітапхана бірдей деп таныған басылымдармен ауыстырады, ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда – нақты нарықтық құнын өтейді.

ОҚУ ЗАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Оқырмандар оқу залында әдебиетке тапсырыс Берген кезде оқырмандар билетін ұсынады, оқырман талабы парағын толтырады және қажетті басылымдарды алған кезде әрбір басылымның кітап формулярында қол қояды.

2.  Оқу залында берілетін кітаптар, басқа басылым шығармалары және өзге материалдар саны шектелмейді. Бір уақытта сұраным жоғары болған жағдайда кітаптар саны шектелуі мүмкін.

3. Негізгі кітап қоймасынан оқу залына алынған әдебиет нақты мерзімге броньдала алады. 

4. Оқу залдарыына жеке және кітапхана кітаптарымен, журналдармен, газеттермен, баспа басылымдармен және басқа басылым материалдармен кіруге рұқсат етілмейді.

 5. Оқу залдарынан әдебиетті алып шығуға болмайды. Бұл ережені бұзған оқырмандар кітапхана әкімшілігімен анықталған мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады және айыппұл төлейді.

ЭЛЕКТРОНДЫқ  МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ЗАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Залдарда оқырман картасы мен оқырман билеті бойынша қызмет көрсетіледі.

2. Электрондық қорлар және мультимелиялық залда Интернетке алдын-ала жазылу арқылы қатынауға болады. Пайдаланушы 15  минуттан астам уақытқа кешіккен жағдайда оның уақыты басқа тұлғаға берілуі мүмкін

3. Интернетте жұмыс істеуге студенттерге күніне 1 сағат беріледі.

4. Пайдаланушылар жабдыққа ұқыпты қарауға міндетті, компьютерлік жабдық ақаулығы анықталған жағдайда бұо туралы дереу зал қызметкеріне хабарлау қажет.

5. Пайдаланушылар 15 минут бойы оқу және ғылыми мақсаттарда электрондық поштамен жазысуға құқылы. Жеке мақсаттарда жазысуға рұқсат етілмейді.

6. Залдарда оқу және ғылыми материалдары бар жеке аудио, видеокассеталар, СD-ROM қолдануға рұқсат етіледі.