Жалпы білім беру пәндері факультеті
Факультет қазақ, ағылшын, орыс тілдері, жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене шынықтыру пәндері бойынша студенттерді іргелі даярлауды жүзеге асырады. Факультетте оқытушылардың үлкен ғылыми жұмыстары жүргізіледі: жыл сайын жаратылыстану-ғылыми және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері, тілдерді қарқынды оқыту және жалпы білім беру пәндерін оқытудың қазіргі заманғы әдістемесі бойынша республикалық және жоғары оқу орындары аралық әдістемелік семинарлар ұйымдастырылады.
Факультет оқытушылары бірнеше рет республикалық «Жылдың үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанды.
Факультет Қазақстандағы URSA Еуразия (Санкт-Петербург қ.) компаниясының және Қазақстандағы "Acoustic Group" (Мәскеу қ.) компаниясының өкілдерімен – жылу оқшаулағыш және акустикалық құрылыс материалдарын қолдану мәселелері бойынша; РҒА СФ ҒЗИ және басқа да жоғары оқу орындарының әріптестерімен ММҚУ (РФ), ТМСҚУ (РФ), ТТУ (Эстония), Н. Исанов ат. ҚМҚТСУ (ҚР), Suleyman Demirel Universitesi (Түркия), ГТУ (Грузия), Lund University (Sweden) University of Innsbruck (Austria) жемісті ынтымақтастық жасайды.
Үш тілді енгізуге байланысты ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр: факультетте қазақ, ағылшын және орыс тілдерін оқытудың бес деңгейі бойынша «Лингвокомплекс», «Тілдерді білуді кешенді бағалаудың жан-жақты критерийі» оқу үрдісіне енгізілген.
ЖБПФ-де «Тарих мұрасы», Студенттік ғылыми қоғам», «Студенттер сыбайлас жемқорлықсыз», «Спорт аумағы», «Заманауи ақпараттық технологиялар», «Қазақстан халықтарының студенттік Ассамблеясы», «Жастар және қоғам», «Президент» пікір-сайыс клубы, «UNICUM» клубы, «Жүзден жүйрік», «Студенттің пікірі», «English Club», «Знатоки» сияқты студенттер үшін қызығушылық бойынша әртүрлі клубтар жұмыс істейді.
Жыл сайын факультет дарынды оқушылар үшін «Университеттік старт» ғылыми жобасын ұйымдастырады және тіл, тарих, математика, физика және информатика пәндері бойынша пәндік олимпиадаларды өткізеді, сондай-ақ академияның студенттері, қызметкерлері мен оқытушылары арасында спорттық іс-шаралар мен конкурстар өткізеді.
2018 жылдан бастап ҚазБСҚА-да «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі ашылды, оның мақсаты қоғамдық сананы рухани жаңғыртудың негізгі бағыттарын бөліп көрсету және насихаттау.
Жобалық кеңсе ҚазБСҚА-да студенттердің рухани құндылықтарын жандандыруға бағытталған, қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен жаһанданудың барлық қиындықтарын ескере отырып, бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған барлық факультеттердің жұмысын үйлестіреді. Түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, қазіргі еңбек нарығында сұраныстың болуына ықпал ететін шараларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылады және барлық жаңа білім беру бағдарламалары осыған бағытталған. Факультеттер өз жұмысында жастарды тәрбиелеуден бастап дәрістер, практикалық сабақтар мен дипломдық жұмыстардың тақырыбына дейін ұлттық бірегейліктің сақталуына ерекше көңіл бөледі. Жеке басын дамыту семинарларынан бастап ерік-жігері мен жаңаға деген үнемі ұмтылыстың арқасында жетістікке қол жеткізген немесе өмір жолында туындаған қиындықтарды жеңген адамдармен кездесуге дейінгі білімді насхаттайтын ерекше іс-шаралар әзірленеді. Жобалық кеңсе белсенділік танытатын және әртүрлі қайырымдылық шараларын жүзеге асыратын, еріктілер қозғалысына қатысатын студент жастар комитетін жұмысқа тартады. Жобалық кеңсе өз жұмысына студенттердің рухын қолдайтын және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жоспарланған жобаларды жүзеге асыруға көмектесетін қалалық және республикалық ұйымдарды жұмысқа тартады. ҚазБСҚА студенттері мен оқытушылары U38 университеттер Альянсының бастамалары мен жобаларын қолдайды және Алматы әкімдігі жүзеге асыратын қалалық шараларға белсенді қатысады.
Вебинар: «Рухани жаңғыру және қоғамдық-саяси дамудың келешегі»
Вебинар: ««Мәңгілік Ел» ұлттық идеяның контекстінде болашақ мамандарға ұлттық тәрбие берудің заманауи аспектілері»
Вебинар: «Әлемнің «Екінші ұстазы» Рухани жаңғыру аясында»
Вебинар: «Қазақстан халықтарының рухани құндылықтары»
Вебинар: «ҚР жемқорлыққа қарсы саясаты»
Вебинар: «Дін рухани мәдениеттің факторы ретінде: мәселелері мен келешегі»
Вебинар: «Абай философиясы»
Вебинар – дискуссия (пікірталас)
Вебинар: «Ұлы дала халқының жаңа тарихи санасын және дүниетанымын қалыптастыру саясаты»
Вебинар: «ХХІ ғасыр Қазақ қоғамының қоғамдық санасын жаңғыртудың мәні»
Конференция: «Қазақ жеріндегі ұлтаралық келісімнің тарихи аспектісі»
Конференция: «Қазақстан - замануи әлем мойындаған ел»
Қашықтық барысында пікір талас «Ұлы Дала еліндегі Батырлар институтының дамуы жәнетарихи аспектіде жастардың рухын тәрбиелеудегі орны»
Жоба: «100 жаңа оқулық жобасы- Әлеуметтік ғылымдар бойынша шыққан оқулықтар талқылау»
Онлайн- дөңгелек үстел «аль-Фараби және қазіргі әлем»
Видеороликтер: «Біз біргеміз!!!», «Абая – 175 жыл», «Ұлы Жеңіске -75 жыл »
Дөңгелек үстел: «ҰОС тарихының батырлық беттері . Қазақстандық батырлардың даңқын мақтан тұтамыз»
Қайырымдылық қор: «Балалар үйі, «Студенттер Үйі»
«ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздарының ішінде ЖБПФ-нің оқытушылары да бар
Буганова Светлана Николаевна
м.ғ. к., ЖБПФ ассоц. профессоры
«ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» - 2017ж.
Сулейменова Кымбат Касымовна
т.ғ.к., ассоц. ЖБПФ ассоц профессоры
«ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» - 2018ж.
Абилова Батжамал Айкеновна
п.ғ.к., ассоц. ЖБПФ ассоц профессоры
«ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» - 2019ж.
ҚазБСҚА студенттері «Миллионға идея» инновациялық жобалар таныстырылымында
Алматыда 25-26 сәуірде «Тірегі сендер елімнің» V республикалық студенттер фестивалі аясында «Жас толқын» олимпиадасы өтті. Фестивальді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры ұйымдастырды. Бұл жобаның негізгі мақсаты - студенттерді ғылыми салаға тарту.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Павлодардан келген жеті жоғары оқу орнының өкілдері елдегі үздік студенттер тобы атағы үшін күресті. Олимпиаданың конкурстық тапсырмалары арасында дене тәрбиесі бойынша президенттік тест тапсыру, жалпы білім беретін пәндер бойынша тестілеу, студенттік өмір туралы бейнероликтерді көрсету және «Миллионға идея» инновациялық жобалар презентациясы болды.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген студенттер ұлттық азық-түлік өнімдерін өндіру, қаржы сауаттылығын арттыруға арналған үстел ойындары, фитоқабырға, қоқысты бөлек жинау жүйесі, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге арналған веб-сайт және салауатты тамақтану буфеті сияқты жобалармен келді.
Олимпиаданың басты және күрделі міндеті «Миллионға идея» инновациялық жобаларын қорғау болып табылады. Біздің команда «Генераторлар» жалпы құрылыс факультетінің 1 және 2 курс студенттері: Асылбек Харун-Рашид, Тұрсынов Батыржан, Мухаметжанов Сержан, Социал Айшат, Сапарбек Мадина ЖБПФ ассоц. профессоры Д.К. Сыдыкова мен ЖБПФ проф.ассистенті Ж.А. Қалыбекованың жетекшілігімен «Жалпыға қол жетімді атмосфералық генератор –WILL» жобасын ұсынды. Ең үздік шешен номинациясына ие болған Асылбек Харун-Рашид пен спорт жарыстары кезінде рекордты бұзып, 220 отырып тұру жаттығуын жасаған Тұрсынов Батыржанды ерекше айтқым келеді.
Қатысушыларға жас кәсіпкердің немесе стартапер рөлінде болу, сонымен қатар құзыретті әділ қазылар алқасы алдында бизнес-жобаларын қорғау оңай болған жоқ. Бірақ бұл біздің қолымыздан келді - БІЗ МҰНЫ ЖАСАДЫҚ!
Біздің команда 2-ші орынға ие болды. Келесі жылы гран-при мен миллион ұтып алуға мақсат қойдық.
«Физикалық регата»
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының жалпы білім беру пәндері факультеті 2019 жылдың 14 наурызында халықаралық π күніне орай Алматы қаласы бойынша жоғары оқу орындары арасында «Физикалық регата» зияткерлік сайыс ұйымдастырды.
Іріктеу турында бәсекелестік ортада «Физикалық регата» жарысына әр түрлі жоғары оқу орындарынан 10 команда қатысты. Екінші турда байқау «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойын форматында жалғасын тапты. Финалда сайыс жағымды түрдегі шиеленіскен жағдайда жалғасты және командалар тең нәтижелер көрсете отырып, алға жылжыды және үміткер командалардың саны кеміген жоқ.
Алматы қаласы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің командасы арасындағы зияткерлік ойын қорытындысының нәтижесі мынадай болды:
1 орын – әл-Фараби ат. ҚазҰУ,
2 орын – АЭжБУ және ҚазБСҚА,
3 орын – ҚазҚПУ, ККА және ҚазҰАУ.
Байқауға қатысушылар мен қонақтар позитивтік мықты заряд алды. Байқау жеңімпаздарын мен қонақтарын құттықтап қоймай, сонымен қатар ұйымдастырушыларға да алғыс білдірілді.
Жалпы жұмыс барысына жауапкершілікпен атсалысып ұйымдастырған, өз ұжымымен қуанышқа ортақтасқан ЖБПФ-нің оқытушылары ассоц. проф. З.Т.Аймагамбетова, проф. ассист. Р.Ю Кулимова, А.О. Нусипованы және жалпы құрылыс факультетінің 1 курс студенттерінің жігерлігін, шығармашылығын атап өтуге болады.
Жастармен ынтымақтасып жұмыс жасау - жоспарларды жүзеге асыруға ынталандырады.
Зияткерлік сайысқа қатысушылар осы дәстүрді ары қарай жалғастыруға және жыл сайын осындай ойындарды әр түрлі жоғары оқу орындарында өткізіп тұруға ұсыныс білдірді.
Байқау барысында команда арасында қарсыластық болғанымен, жарыс студенттердің бірігуімен, тұтасуымен аяқталды. Соңында «Сағындым Алматымды» студенттердің әуені шырқалды.
«Дара жол»
2019 жылдың 1 сәуірінде ҚазБСҚА студенттері «Қазақстан» телеарнасы «Дара жол» жобасында «Ақтөбе қаласының сал ауруына ұшыраған азаматтарын қолдау орталығының» басшысы Құралай Байменовамен болған кездесуге қатысты. Бұл өміртіршілігі аз қамтылған мүгедектердің көптеген мәселелерін шешуге көмектесетін ұйымның қызметі ҚР және Ақтөбе облысында танылған. Қайратты кейіпкердің сөздері дамуға ынталандырды, себебі оның мысалдары өзінің әлеуетін қолдана отырып белсенді әрекеттер жасауға және мүмкіндіктері шектеулі адамдарға олардың әлеуетін жүзеге асыруға және дамытуға көмектесуге жігерлендірді. Соңғы кездері Республикамызда мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қозғалу мүмкіндігі мақсатында олардың тек ғана білім беру және емделу мекемелеріне барумен шектелмей, сонымен қатар мәдени-бұқаралық шаралар өтетін орындар мен кинотеатрға баруға мүмкіндік жасау мақсатында толыққанды жағдай жасау үшін оларға арналған ғимараттарды жоспарлау қолға алына бастады.
ЖБПФ-нің проф. ассист. Р.Ю. Кулимова осындай мәселерді шешуде студенттерді кедергісіз орта үшін жағдай жасауды есепке ала отырып ғимараттарды жобалауды оқыту арқылы ҚазБСҚА-ның елеулі үлес қосатынын атап өтті. ҚазБСҚА –инклюзивті білім беруді дамытуды оқу үдерісіне енгізген жоғары оқу орындарының бірі. Біздің магистранттар мен түлектеріміз осы тақырыпта өздерінің бітіру жұмыстары туралы және тәжірибелерімен бөлісті.
ЛОГОС» философиялық клубының ашылуы
28.03.2019 жылы колледж бен бакалавриаттың барлық студенттері үшін «ЛОГОС» философиялық клубының ашылуы болды.
Клубтың мақсаты - таным мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады. Клубтың негізгі бағыттары мен міндеттері - ойлау қабілетін, шешендік өнерді және пікірталас техникасын дамыту, жаңа, беймәлім, терең ойды танып білу. Бұл өз кезегінде біздің студенттерге табиғаттың, қоғамның және адамның негізгі дүниетанымдық проблемалары туралы түсініктерін қалыптастыруға, логикалық ойлау дағдыларын дамытуға, өз көзқарастарын дәлелдеуге, пікірталастың әртүрлі техникасын зерттеуге және оларды қолдануда практикалық тәжірибе жинауға, тиімді өзін-өзі басқаруды және өзін-өзі көрсету дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Клубтың визит карточкасы - кәсіпқойлық, талпыныс, көтерілген мәселелердің өзектілігі, қолжетімділігі, тақырыптардың түпнұсқалығы және баяндау әдісі.
Клубтың миссиясы: гуманитарлық және техникалық білімдер арасында көпір салу.
Клуб бағдарламасының өзектілігі философияның заманауи білімдерінің мағынасын терең түсінуге, әлеуметтік-гуманитарлық білім деңгейін көтеруге және жас ұрпақтың әлеуметтік тәрбиесін жетілдіруге бағытталған философиялық мәселелер бойынша ойлау дағдыларын меңгеру болып табылады.
Қазіргі қоғамда мемлекеттік-құқықтық өмірге шығармашылық белсенді қатысуға қабілетті, философиялық көзқарастың үздік дәстүрлеріне лайық, саяси және құқықтық мәдениет пен әлеуметтік сауаттылықты меңгерген білікті мамандар талап етіледі.
«ЛОГОС» клубында қызықты тақырыптар талқыланады: «Өмір туралы философия: шындық, этика және жан»; «Логикалық ойжұмбақтар: шешуге және тәжірибеге деген көзқарас»; «Философиялық көзқарастар және сәулеттік қиялдар: болашақтың бейнесі»; «Рухтың мәдениеті - философия»; «Сен түнді жасадың, мен шамды жандырдым, саз жасадың - мен кесе жасадым»; «Түйсік феномені, сенім феномені, білім феномені, даналық феномені және оны бейнелеу» және т.б.
Философиялық клубтың есігі әрқашан ашық. Қош келдіңіздер!