ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері:
- оқу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру, пән мазмұнын оңтайландыру, оқу-танымдық қызметті белсендіру;
- әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша ОӘПК (ТОБ, ЖБ, ӘӘҚ, АҮМ, Power-Point-та сабақ материалдары, оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі, білімді бақылауға арналған материалдар) толықтыру болып табылады.
Факультеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінің қызметі және ПОҚ жүргізген жұмыстары:
- оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу әдістемесін жетілдіру;
- факультеттің жетекші оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін талдау және талдап қорыту;
- оқу үдерісіне ақпараттық оқыту технологиясын енгізу және оқытудың замануи техникалық құралдарын қолдану;
- оқу құралдары, оқулықтар мен электронды оқулықтарды талқылау және баспаға ұсыну.
Факультетте келесі секциялар жұмыс істейді: қазақ, ағылшын және орыс тілдері, әлеуметтік ғылымдар, физика, математика, информатика және дене шынықтыру.
Факультет ПОҚ факультет пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешенді жүйелендіру және жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізеді. Күн сайын факультеттің ПОҚ факультет пәндері бойынша толық оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтуды жүзеге асырып, әдістемелік әдебиетпен қамту карталарын, тест тапсырмаларының банкі, емтихан сұрақтарын құрастырады, рейтингке материалдар, активті үлестірмелі материалдар, Power-Point-та сабақ материалдары, оқу-әдістемелік нұсқаулар әзірлейді.
Айына бір рет ПОҚ білім алушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін көтеретін қазіргі білім беру технологиялары мен оқыту әдістері талқыланатын әдістемелік семинар өткізеді. Әдістемелік семинарда оқытушылар тәжірибелерімен бөліседі. Семинарлардың өзекті тақырыптары және сипатталған оқыту технологиялары басылымға және оқу үдерісінде қолдануға ұсынылады.
Бекітілген кесте бойынша әр семестрде факультет пәндері бойынша оқу сабақтарының бейнепрезентациялары өткізіледі. Ашық сабақтардың бейнепрезентациялары талданады және талқыланады.
ЖБПФ ПОҚ педагогикалық шеберлік орталығы базасында («Өрлеу», Тұран-Профи) және оның филиалдарында, сондай-ақ елдің жетекші жоғары оқу орындарында жаңа біліктілікті көтеру бағдарламалары бойынша курстарға қатысады.
Тәжірибелі оқытушылар жас оқытушылардың тәлімгерлері болып табылады және олардың кәсіби маман ретінде қалыптасуына, сондай-ақ факультеттің сапалы кадрлар құрамын қалыптастыруда және дәріс, семинар және практикалық сабақтар, СӨЖ, ОСӨЖ өткізуде әдістемелік көмек көрсету мақсатында сабақтарына қатысады.
Факультет оқытушыларының мамандарды дайындауда әдістемелік әдебиетпен қамту мақсатында жыл сайын оқулықтар, оқу және әдістемелік құралдар, сондай-ақ оқу үдерісін оңтайландыруда баға жетпес көмек көрсететін практикалық (зертханалық) сабақтарды, СӨЖ, ОСӨЖ орындау бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар шығарады.
Академия Президенті А.А.Құсайновтың жетекшілігімен «Тілдерді білуді кешенді бағалаудың жан-жақты критерийі» дайындалды. Оны оқу үдерісіне енгізу мақсатында «Тілдерді білуді кешенді бағалаудың жан-жақты критерийі» бірнеше рет талқыланды және жетілдірілді. Сәулет-құрылыс терминдерінің 4-томдық қазақ-орыс-ағылшын тілдеріндегі түсіндірме сөздігін дайындау бойынша үлкен жұмыс атқарылды.
Тілдік пәндердің оқытушылары А.А.Құсайыновтың жетекшілігімен 3 тіл бойынша (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) сабақта қолданылып жүрген лингвокешен дайындады. ЖБПФ біліктілік көтеру курстарына, шеберлік-сағаттарына белсенді қатысады. «Soft Skills Qazaqstan» лабораториясы «Soft Skills дағдылары және Z буынын оқытудағы заманауи әдістер» атты тақырыпта мастер-класс өткізді.
Факультеттің әдістемелік кеңесі қызметінің мәселелері факультеттің Әдістемелік Кеңесі мәжілісінде қарастырылады, талқыланады және бекітіледі.
2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ