ЖБПФ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫ
- ЛИНГВИСТИКА, ТІЛДЕРДІ ДЕҢГЕЙЛІК ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ, КӘСІБИ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Ғылыми жетекшілер: ф.ғ.к., ассоц. проф. Гакрама К.М. , Жампеисова Ж.М.
- Мемлекеттік тіл – рухани жаңғыру тілі;
- Салғастырмалы лингвистика;
- Функциональды лингвистика;
- Терминология.
- Тілдік білім беру саласында жаңа әдістер мен инновациялық технологияларды трансляциялау, тәжірибе алмасу.
ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ АЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҮРДІСТЕРІ
Ғылыми жетекші: Сулейменова К.К. Касымова Л.Н., Кабилова Р.Х.
- Қазақстанның тарихи мәдени және табиғи мұрасы
- Өлкетану білімінің ерекшеліктері
- Гуманитарлық пәндерді оқытудағы көптілділік мәселелері
- Қазіргі заманғы философиялық мәселелер
- Студенттік жастардың саяси әлеуметтенуі және саяси мәдениеті
- Ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелері
- Қоғамдық сананы жаңғырту контекстіндегі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарының қазіргі парадигмалары
-СӘУЛЕТТІК ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ФИЗИКА
Ғылыми жетекші: Аймагамбетова З.Т.
- Микроклиматты жақсартудың инновациялық тұжырымдамалары және энергия шығынын азайту технологиясы
- Микроклимат көрсеткіштерін зерттеу
- Жылу қорғау және климатқорғау
- Дыбыс оқшаулау және дірілді оқшаулау
- Жарық ресурстарын тиімді пайдалану
- Энергия тиімділігі және экологиялық қауіпсіздік
- Жаңартылатын энергия көздерін қолдану
- Болашақ қаласын жобалау
- МАТЕМАТИКА МЕН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ғылыми жетекшілер: Сыдыкова Д.К., Рысбаева А.К.
- Математиканың қолданбалы мәселелері;
- Технологиялық үдерістердің математикалық компьютерлік үлгілеу;
- инженерлік міндеттерді шешу үшін (нақты салалардағы) компьютерлік бағдарламалық өнімдер мен кешендерді қолдану;
- АКТ-ны қолданудың инновациялық тәсілдері, ақпараттық қолдаудың жаңа мультимедиялық алаңдарын құру;
- Сандық білім беру ортасы: заманауи оқытушы үшін жаңа мүмкіндіктер;
- ВІМ технологияларын енгізу.
- СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУШЫ ӘДІСТЕМЕЛЕРДІ ЖЕТІЛДІРУ
Ғылыми жетекші: Югай И.В.
- Студенттердің дене дайындығы;
- Студенттердің дене қасиеттерін дамытуға дене дайындығының әсері;
- Спорттық-сауықтыру әдістемелерін жетілдіру;
- «Бодифлекс» озық әдістемесін қолдану;
- «Калланетик» және «Окси-сайс» озық оттегі әдістемесі.
"BiM and ECOLOGY"
13.11.2019ж. ҚазБСҚА академиясының 406 аудиториясында "BiM and ECOLOGY" тақырыбында семинар-конференция түрінде талқылау өтті. Оған "Сәулет, Құрылыс, Дизайн, Геодезия" мамандығының магистранттары мен шақырылған қонақтар қатысты.
Іс-шара басында Беркімбаева Сәуле Кенжебекқызы құттықтау сөз сөйлеп, студенттерді ғимараттар мен құрылыстардың Ақпараттық моделімен таныстырды. Содан кейін магистранттар дипломат ретінде қатысып, қатысушылардың алдында өз баяндамаларын оқыды. Қатысушылар ғимараттар мен құрылыстардың Ақпараттық үлгілерін көрсетті.
Семинардың ресми бөлімі аяқталғаннан кейін талқылау барысында магистранттар құрылыс конструкциясының жаңа технологияларымен және экологиялық сәулет ұғымдарымен танысты.
Ғылыми жоба
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында Қапшағай қаласының №3 орта мектеп оқушыларымен бірігіп ғылыми жұмыстар және ғылыми жобалардың өзекті мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары Қапшағай қаласының №3 орта мектеп мұғалімдері және ЖБПФ-нің ассоц профессоры – С.Қ.Тәшімбай, проф ассистенттері – С.Садыханова, Ж.Калыбекова.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты мен міндеттері – оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру. Қазір мектеп оқушыларына белгілі бір тақырыпқа ғылыми жоба жазуға көп мүмкіндіктер бар. Ғылыми жоба жазу арқылы оқушылар өздерін жан-жақты дамытады. Қатысушылар С.Садыханованың «Жоба деген не?» атты баяндамасын тыңдады және талқылады. Ғылми пікірталас нәтижесінде барлығы бірауыздан ұйымдастыру үрдісі - ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау деген шешімге келді.
Жалпы білім беру пәндері факультетінің 2019-2020 оқу жылына ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары