Академиямыздың Жалпы білім беру пәндері факультетіне (ЖБПФ) қош келдіңіздер!
Жалпы білім беру пәндері факультеті – ҚазБСҚА-ның дарынды оқытушыларымен, керемет оқу және ғылыми дәстүрлерімен қарқынды дамып келе жатқан факультеттерінің бірі. Жалпы білім беру пәндері факультеті құзыретті шешімдер қабылдай алатын білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға белсенді қатысады. Студенттерге профессорлық-оқытушылық құрамның жоғары ғылыми-педагогикалық әлеуеті, қазіргі заманғы оқу аудиториялары мен компьютерлік жабдықтар ұсынылады.
Факультет ұжымы өзінің ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға тырысады, біліктілігін үнемі жетілдіріп, пәндерді оқытудың жаңа әдістерін меңгеріп отырады, сондай-ақ ҚазБСҚА студенттері қатарына жаңа талапкерлерді тартуға елеулі үлес қосып келеді. Академия қабырғасында алғаш бірінші курс студенттерін жалпы білім беру пәндері оқытушылары қарсы алатындықтан, ҚазБСҚА түлектері әрдайым оларды есте сақтайды.
ЖБПФ-ның профессор-оқытушылар құрамы студенттердің бірінші курстан бастап алатын кең ауқымды білімі мен жан-жақты тәрбиесі олардың болашақта кәсіби әрі тұлғалық өсуіне негіз болу үшін бар күшін салады! Біз әрқашан факультетімізде сапалы беделді жоғары білім алуға ниетті, пікірталас пен толыққанды диалогқа ашық, мақсатты әрі өршіл жастарды көруге қуаныштымыз.
ҚазБСҚА-ға қош келдіңіздер!
Гакрама Қаламқас Мұратқызы
Тел: + 7 727 220 8073, 339 каб.
e-mail: gakrama@mail.ru