«Студенттің пікірі» Клубы

Мақсаты:  студенттердің қоғамдық пікірінің мониторингі

Міндеттері:

  1. студенттердің қоғамдық пікірін студенттердің өз күшімен жүйелі түрде зерттеу.
  2. зерттеу жұмысының тәжірибесі мен дағдыларын алу: 
  • зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдай білу;
  • құрал-саймандарды дайындау (сауалнама парақтарын);
  • әдебиетпен жұмыс істеу дағдысы;
  • ақпаратты өңдеу тәжірибесі;
  • аналитикалық есепті жазу тәжірибесі;
  • ғылыми мақаланы жазу және рәсімдеу тәжірибесі.
  1. әлеуметтік зерттеудің әдістемесі мен техникасын игеру.           

Клуб мүшелері: ең белсенді студенттер

Кезеңділігі: аптасына 1 рет, жобаның жұмыс кезеңдері бойынша кеңестер мен есептер.

Клуб жетекшісі: Касымова Лейла Нургазиевна

 

«Студенттің пікірі» клубының жұмыс нәтижелері:

 

2018 -2019 жыл:

** Сәулет факультетінің 3 курс студенттері Кеңесов О. А., Кошеров Ш. Б., Искандерова А. Т. «Студенттердің құқықтық мәдениетінің ерекшеліктері» тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізді. 100-ден астам студент сұралды. Студенттер «Студент және ғылым: болашаққа көзқарас» атты ХІХ Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясында баяндама жасап (18-19 сәуір, 2019 ж.) 1 орын алды.

 

** Сәулет факультетінің 2 курс студенттері Нуртаева А. К., Каримсалиева А. А. «Медеу ауданы үлгісінде урбанизацияның әлеуметтік аспектілері» тақырыбында зерттеу жүргізді. 50 адам сұралды. «Қазақстанның қазіргі жоғары білім беру жүйесіндегі инновациялық білім» атты ҚАУ студенттері мен жас ғалымдарына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференцияға (25 сәуір, 2019 ж.) қатысып, студенттер жүлделі 2-орынға ие болды.

 

2019-2020 жыл:

«Студенттің пікірі» клубы жыл сайын өз қатарына зерттеу жұмыстарымен айналысқысы келетін белсенді студенттерді тартады. Осы, 2019-2020 оқу жылында сәулет факультетінің студенттері «Уят феномен», «Көп балалы отбасылардың мәселелері», «Жастардың неке мен отбасына қатынасы», «Жастардың рухани құндылықтары» тақырыптарын таңдады.

2019 жылдың 25 қарашасында сәулет факультетінің қазақ бөлімі студенттерінің арасында «Уят феномен» атты фокус-топтық пікірталас өтті. Тақырып үлкен қызығушылық тудырды.

Бултбаев Нурбек, осы тақырып аясында зерттеу жұмыстары бойынша 70 адамға сауалнама жүргізіп «Студент және ғылым: болашаққа көзқарас» атты Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясында (сәуір, 2020 ж.) баяндама жасады. Студент жүлделі орын алып, ғылыми мақала жариялады. Сонымен қатар Н. Бултбаев Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Қазақстандық жастардың кәсіби стратегияларын жаңғырту» атты республикалық дөңгелек үстелде сөз сөйледі, жүлделі орын алды.

 

** Клуб жұмысы келесі мақалаларда көрсетілген:

 - «ҚазБСҚА студенттерінің рухани бірегейлігін қалыптастыру», https://ru.bilimainasy.kz/14-04-015/, 14.04.2020 ж.

- «ҚазБСҚА-дағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлі», ХБК газеті «Сәулет және құрылыс», № 2, ақпан, 2020,  https://kazgasa.kz/newspaper

** Студенттер, клуб жетекшілері:

1. Бултбаев Нурбек

2.Жолдас Диана

3.Турлыбек Арман

4.Самуратова Камилла

** Тақырыптардың болжамдық тізбесі:

  1. Мамандық таңдау және бұл таңдаудағы отбасылық дәстүрлердің рөлі
  2. Қазіргі жастардың кумирлері мен құндылықтары
  3. Жастардың әлеуметтік белсенділігін виртуалдандыру
  4. Қазіргі жастардың неке мен отбасына қатынасы
  5. Жастарды еңбекке тәрбиелеу мәселелері
  6. Жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауы
  7. Жастардың гендерлік әлеуметтенуі
  8. Көп балалы отбасылардың мәселелері

    “Студент пікірі” клубы (ғылыми жетекшісі – ЖБПФ ассоц. профессоры Л. Н. Қасымова) 26 ақпанда “Пандемияның ҚазБСҚА білім беру жүйесіне әсері" тақырыбында фокус-топтық пікірталас өткізді. Фокус-топ ғылыми жобаның бөлігі және одан әрі ғылыми жұмыс үшін әлеуметтану туралы ақпаратты жинау әдістерінің бірі болып табылады. Модераторлар 2 курс студенттері Алиева Эмина (Арх-19-11 тобы) және Якубова Яна (Диз АД-19-8) болды. Студенттер қашықтықтан оқыту кезеңінде кездескен қиындықтар мен проблемалар, бейімделу кезеңінің ерекшеліктері туралы өз әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ, портал жұмысын және оқыту сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды. Пікірталас интерактивті режимде өтті.