Студенттік ғылыми қоғам

Студенттік ғылыми қоғам (бұдан әрі - СҒҚ) студенттердің ғылыми қызметін дамыту, қолдау және ынталандыру мақсатында ерікті негізде біріктіретін Халқаралық білім беру корпорациясың құрылымдық бөлімшесі.
СҒҚ негізгі міндеттері:
- студенттерді ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструктрлық жобаларға тарту;
- тәлімгерлік арқылы студенттердің ғылыми-техникалық өсуіне ықпал ету;
- студенттер арасында ғылым мен техниканың жетістіктерін, ғылыми-зерттеу қызметінің тәжірибелерін насихатттау.
СҒҚ мүшесі кез келген курстың студенті бола алады және ғылыми-зерттеу жұмысына қатыса алады; ғылыми (соның ішінде студенттік) конференцияларда баяндама жасай алады; өз бетінше немесе бірлескен ғылыми жарияланымдары болуы мүмкін.
Студенттің ғылыми қызметінің нәтижелері курстық және дипломдық жұмыстарында, ғылыми конференциялардағы баяндамаларында және ғылыми мақалаларында көрінеді.