
Студенттік жасақтардың тарихы бірнеше онжылдықтан бері жалғасып келеді және тамаша дәстүрлерге ие болды. Бірақ біздің еліміздің өткен жылдардағы саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістері қозғалыстың құлдыруына әкелді.
Біздің академия құрылыс және сәулет саласында озық болғандықтан, Студенттік Құрылыс Жасақтарын (СҚЖ) қалпына келтіруді қолға алдық. Студенттік құрылыс жасақтары 50-ші жылдардағы студент жастардың ең үздік дәстүрлерінің негізінде құрылды. Қазақстанның, Сібір және Қиыр Шығыс аймақтарын игеру, екпінді комсомолдық құрылыстар, БАМ – осы қозғалыстың тамаша істерінің біразы ғана.
Соңғы жылдары СҚЖ жандану және даму үдерістері басталды — жаңа жасақтар құрылып, шығу ауқымы кеңейіп, жаңа дәстүрлер пайда болып жатыр. Бастамашыл топтың құлшынысының нәтижесінде, жаңа жағдайларда, студенттік құрылыс жасақтарының жыл сайынғы слетін өткізу дәстүрі пайда болды. Жыл сайын көптеген басқа ЖОО СҚЖ өкілдері жиналып, Студенттік Құрылыс Жасақтарының қозғалысына кедергі келтіретін мәселелерді шешеді. Қазіргі кезде ҚазБСҚА өкілдері СҚЖ әрі қарай дамуы туралы мәселенің шешілуіне жақындап қалды.
2000 жылы Қазақстанда ҚазБСҚА және Алматы қаласының Бостандық ауданының Әкімшілігінің бастамасымен студенттік құрылыс жасақтары (СҚЖ) қайта жанданды. Осы жылдардың ішінде СҚЖ арқылы еңбекпен шынығудан мың жарымнан астам студент өтті, олардың ішінде 500-і академия жанындағы кәсіби мектептің жоғары білікті жұмыскерлер сертификаттарын алды.
ҚазБСҚА СҚЖ туралы ереже
ҚазБСҚА СҚЖ туралы ережеде СҚЖ ұйымдастыру идеясы, СҚЖ сарбаздары үшін жағымды жұмыс жағдайларын жасауға қойылатын негізгі талаптары көрсетілген басты пункттер белгіленген. СҚЖ сарбаздары жұмыс істеу кезеңінде келесі жеңілдіктерге ие:
• киіммен тегін қамтамасыз ету;
• жатақханада тегін тұру;
• кепілді еңбек ақысы;
• тегін медициналық қызмет көрсету;
• жыл бойы жұмыс істейтін СҚЖ-ға қатысатын сарбаздар сабаққа еркін қатынау.
ҚазБСҚА СҚЖ жұмыс нәтижелері
Академия басшылығының студенттік құрылыс жасақтарын қолдау тәжірибесі (академия қаражаты есебінен арнайы киім бөлу, тамақтану, тұру, бос уақытты ұйымдастыру, сыйақылар) жақсы нәтижелер көрсете бастады: жөндеу-құрылыс жұмыстарының, жоспарларының негізгі бөлігі студенттер күшімен жасалды, ал студенттердің біліктілігін арттыруға, ақша табуға, академия дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндіктері бар.