«Сыбайлас жемқорлықсыз студенттер» клубы

ҚазБСҚА-да студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіледі, соның ішінде студенттер арасында заң талаптарын сақтауға, білім беру және мәдени деңгейін арттыруға ұмтылыс қалыптастыру.

Клуб жетекшісі: Богенбаева Асем Кабиденовна

 

  1. Жалпы ережелер

«Сыбайлас жемқорлықсыз студенттер» студенттік клубы осы Ережемен қарастырылған  мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін студенттердің ерікті бірлестігі болып табылады.

Осы студенттік клуб өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін және ХБК-тың жарғылық құжаттарын басшылыққа алады.

«Сыбайлас жемқорлықсыз студенттер» клубын жалпы басқару және бақылау ХБК тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры жүзеге асырады.

 

  1. Клубтың мақсаты, міндеттері және қызметі

Мақсаты: студенттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім жүйесін қалыптастыру және осының негізінде осы құбылысқа қатысты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Міндеттері: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны құрушы себептер мен жағдайларды жою, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік саласын құру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру үшін қажетті құндылықтар мен ұстанымдарды тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беруге бағытталған шараларды іске асыру, студенттерде саяси-құқықтық білімді қалыптастыру, студенттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың адамгершілік-этикалық құндылықтық негіздерін қалыптастыру.

Студенттік клуб қызметін ұйымдастыру

Клуб құрамына 1-3 курс студенттері кіреді, клуб үйлестірушісі – Шакиман Алихан.

 

2019-2020 оқу жылындағы клубтың іс-шаралары

Іс-шараның атауы

Форма

мерзімі

1

Қоғамның құқықтық мәдениеті сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың шарты ретінде»

Брейн-ринг

қазан

2

Сыбайлас жемқорлықсыз жастар

Дөңгелек үстел

қараша

3

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының өзекті мәселелері»

ЖООаралық конференция

желтоқсан

4

Студенттік жастарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру

 «Саналы ұрпақ" жоба кеңсесінің басшысымен кездесу»»

ақпан

5

«Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік тұрғысынан пікірді зерделеу»

Сауалнама

 

наурыз

6

«Сыбайлас жемқорлықсыз білім

Дөңгелек үстел

сәуір

7

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»

Шығармашылық  конкурс

наурыз-мамыр